Сиви Махмуди «Еңбек даңқы» орденін алатындай не еңбегі сіңді?
24.11.2017 5 пікір 11099 қаралды

Сиви Махмуди «Еңбек даңқы» орденін алатындай не еңбегі сіңді?

Күні кеше Сиви Махмудидің мемлекеттік “Еңбек даңқы” төсбелгісіне ие болғанын хабарлаған едік. Аталған жайтқа қатысты халықтың пікірі оңды болмай шықты. Бірлі-екілі адамдар болмаса, халықтың көпшілігі еңбегі сіңіп үлгермеген Сивиге мемлекеттік медаль берілгеніне наразы, деп хабарлайды Stan.kz.

Қоғам белсендісі Айгүл Түркпенбаева медаль алған Сивидің “еңбегін” жіпке тізіп, оны елімізде еңбек ері атанған өзге тұлғалармен салыстырды. Назарларыңызға Айжан Түркпенбаеваның Facebook-тегі жазбасын ұсынамыз.

“Достар, таныс болыңыздар, бұл – Арғын Жүнісов, КазКСР мен Қазақстанның еңбек ері, аты аңызға айналған құрыш қорытушы маман. Ол 13 жыл бойы (оның ішінде Ұлы Отан соғысы кезінде) Қарағанды кен орнында жұмыс істеген. Ел арасында құрыш балқытуды 1,5 сағатқа кеміткен әрі бұл жұмысты сапалы атқарған маман ретінде танылған.

Ал екінші суретте Сиви Махмуди, ол кім? Оған “Еңбек даңқы” медалі не үшін берілді? Мен үшін түсініксіз.

Әнші, актриса әрі продюсер дейді. Бірақ қарапайым көрермен ретінде оны танымайды екем. Әндерін білмеймін, тойда оның әнін шырқамаймыз, концерттерден көрмейміз, киносы да есімде емес… Продюсер дейді?!

Гуглдың мәліметіне сүйенсек, өзі басты рөлді сомдаған фильмге продюсерлік етіпті. Мені қызықтырып тұрғаны, ол фильм табысты кинокартиналар қатарына қосылған ба әлде зал толы көрермен жинаған ба? Фильмге барған жандар болса, айта отырыңыздаршы. Бұл фильм қандай да бір марапатқа қол жеткізіп па еді? Немесе нағыз өнер майталмандарының аталған фильмге берген пікірі бар ма? Өз басым таппадым.

Бұл әйелге қарасам, бояуы тым көп сияқты, жасанды еріндері де көзге ерсі көрінеді. Негізі біздің шенеуніктер нағыз соқыр махаббатқа душар болған-ау, елі үшін ешқандай еңбегі сіңбеген адамдарға осындай марапат берсе… Ол таң атқаннан күн батқанға дейін әрі кептеліс кезінде қоғамдық көліктің рөлін басқарып отыр ма? Менің педиатр құрбым Әйнел Бажанова ұқсап демалыс көрмей, 2000 баланың денсаулығын бақылап отыр ма? Ал шын мәнінде оның жеке өмірге де, ұйқыға да, демалысқа да уақыты жоқ…

Бізде осы марапатқа лайықты қаншама мамандар бар? Мұнайшылар, мұғалімдер, жалақысы аз бірақ еңбегі ауыр, мойындаусыз қалған экологтар, альпинистер, қоғам қайраткерлері, суретшілер, расымен де талантты қаншама артистер бар…

…”Еңбек даңқы орденінің иегерлері “Қазақстанның еңбек ері” атағымен теңестіріледі екен. Бұған тек қана: “ӨЛЛЛЛЛЛЯЯЯЯЯЯ!!! Нағыз масқара ғой мынау”, – деп айта аламын”, – дейді қоғам белсендісі.

Бұдан өзге, жазба авторы салыстыру мақсатында Қазақстанның еңбек ері атанған тұлғаларды атап өтті. Олардың қатарында белгілі өнер қайраткері Айман Мұсақожаева, атақты жазушы әрі ақын Олжас Сүлейменов, абыз актер Асанәлі Әшімов пен қазақтың біртуар жазушысы Әбіш Кекілбаев бар.

Айта кетейік, “Еңбек даңқы” төсбелгісі өндіріс, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында жылдар бойы тер төгіп, елге еңбегі сіңген азаматтарға беріледі.

Previous Атышулы Дәурен Айдарқұлов өзінің ер адаммен сүйіскенін жайып салды
Next Ақбота Сейітмағамбет: Дәурен хиджап киіп, үйде отырғанымды қалады

Осыған ұқсас

Сабыр Адай: «Қой сияқты жуас халықпыз» – деп мақтанатын күйге жеттік

«Қасқырдың қасқырлығы тісінде емес, ісінде!..» Сабыр Адаймен сұхбат – Қасқыр демекші, Адай-Ата кесенесінің жанындағы алып қасқырды көрген жандар оның не үшін қойылғандығы жөнінде сұрақ беріп мазалап жатады. – Дұрыс, мазалаудың

Сәкен Майғазиев: Бостандықтың бағасын білмей жүрміз-ау деген ой келді (видео)

Сәкен Майғазиев әйелдер түзету мекемесіне барып, темір торға тоғытылған нәзік жандыларға арнайы концерт қойды деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Бұл туралы әншінің өзі желідегі жеке парақшасында мәлімдеген. “Әйелдер түзету (женская колония)

«Жаным, менің сырғамды көрдің бе?» – «91» тобы туралы әзіл (видео)

Сыртқы болмыстарының ерекшелігімен қоғамның басым көпшілігінің наразылығын туғызған «Ninety One» тобының жігіттері әлі де даудан арыла алмай жүр. Cыртқы келбеттері қазаққа жат деп таныған қоғам белсенділерімен қатар діндарлар жігіттердің «Айыптама»

5 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз
    Қараша 24, 13:56 Reply
    Каракет багдарламасынан баскасынын барир жабу керек
  2. Бір бала
    Қараша 27, 22:40 Reply
    Қазір орден беру деген қол жетімді болып кетті гой.Бұл жерде түсінбейтін ештеңе жоқ ақшасы көптерге таратып жатыр.Нағыз еңбегі сіңген адамдар елеусіз қалуда.
  3. Қолқоюсыз
    Желтоқсан 03, 13:12 Reply
    Салеметсиздер ме?! Енбек орденин енбеги синбеген адамдарга беру уят нарсе гой. Сивидин я кункурска катысканын кормеппин. Енбеги синген каншама жулдыздар бар неге сол кисилерге ЕНБЕК ОРДЕНИН бермейди екен. Биреуди даттагым келмейди бирак. Енбеги синбеген акшасы бар адамдар гана АТАККА ИЕ БОЛУ КЕРЕК?! Акшасы жок тиреуи жок бирак синирген енбеги КОП адамдар еленбей калуы керек.
    • Гүлдана
      Ақпан 06, 15:21 Reply
      Сивиге бұл атақ көптеген қайырымдылық жасағаны үшін сонымен қатар біраз жастарды қолдап шығарғаны үшін берілді. білмесеңіз айтпаңыз. конкурсқа қатысып өліп талып жүргенждерге мәдениет қайраткері деген атақ беріледі

Жауап