Роза Рымбаева белгілі әкімнің өзін қалай қорлағанын айтып берді

Роза Рымбаева белгілі әкімнің өзін қалай қорлағанын айтып берді

Халықтың сүйіктіне қысым жасаған! Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева Семей әкімінен бес жыл бойы қысастық көргенін айтты,-деп жазды КТК арнасы.

Туған жеріне концерт қоюға барған Роза Қуанышқызы рояльдің жоқтығын сынаймын деп басы бәлеге қалған.

“Осыны сахнада айтамын деп бәлеге қалдым! 5 жыл қалаға кіргізбеді”,-дейді Роза Қуанышқызы.

Сахнадан айтылған сынға шыдай алмаған шенеунік Халық әртісін Семейге келтірмей қойыпты. Бұл туралы Роза Қуанышқызы осы өңірдегі концерті кезінде айтып берді. Бірақ, нақты қай шенді екенін атын атап, түсін түстемеді.

Десе де, сол атқамінердің кесірінен халықтың сүйіктісі Семей өңіріне гастроль түгілі, тіпті қыдырып та келе алмағанын айтуда. Тек әкім ауысқан соң ғана араға бес жыл салып барып туған жеріне жеткен. Жалпы, өнер адамдары шенеуніктерден жиі қысастық көреді екен.

Previous Тамара Асардың ұлы анасын емдеуге арқалап апарды
Next НАҒЫЗ «АҚЖОЛДЫҚ» АЗАТ пен ҚАЗЫБЕККЕ АҚ ТІЛЕК

Осыған ұқсас

«Ат шаптырып, көкпар тартқызам…». Баян тойға дайындалып жатыр (видео)

Баян Есентаева үйлену тойын шетелде емес, Алматы қаласында жасайтынын айтты. Бұл туралы КТК арнасының «Инсталайық» бағдарламасында айтылды, – деп жазады kaz.365info.kz. Баян Есентаеваның қалыңдық көйлегімен түскен суреті әлеуметтік желіде тарап, оның

Тыңдармандарына Қайрат Нұртаспен бірге түскі асқа бару мүмкіндігі туды

«Болашақ» ассоциациясы «Bolashak lunch» қайырымдылық лотереясын ұйымдастырып, тыңдармандарына сүйікті әншісімен бірге түскі асқа баруға мүмкіндік сыйлап отыр. Ол үшін қатысуға ниет білдірген әрбір адам құны 1000 теңгеден тұратын қайырымдылық билетін

Сиви Махмуди екінші рет ана атанды (фото)

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Сиви Махмуди екінші рет ана атанды. Екі жылда екі ұлдың анасы атану көптің қолынан келмейтін іс екені бәрімізге мәлім. Дегенмен, Сиви сол бақытқа ие болды. Қазіргі

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап