НАҒЫЗ «АҚЖОЛДЫҚ» АЗАТ пен ҚАЗЫБЕККЕ АҚ ТІЛЕК

НАҒЫЗ «АҚЖОЛДЫҚ» АЗАТ пен ҚАЗЫБЕККЕ АҚ ТІЛЕК

Желтоқсанның 1-күні Қытай астанасы Бейжіңдегі әлемдік саяси партиялардың I xалықаралық форумында Қазақстанның «Ақ жол » партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пен партия төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса екеуі Қытайдағы қамалған 112 қазақ тізімін Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Халықаралық істер департаменті меңгерушісінің орынбасары (министрдің орынбасары) Шэн Бэйли xанымға тапсырды.

Бұл кісілерді неліктен қамап тастады, олардың жағдайы қандай екенін тексеруді сұрады. Шэн Бэйли xаным Шыңжан басшыларына бұл жағдайды анықтап, жауап беруге тапсырма беретінін мойнына алды.

Осы игі іске орай белгілі ақын, әдебиеттанушы Жұмаш Көкбөрі жүрекжарды жырын арнап, редакцияға хат жолдады. Аталмыш өлеңді оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.

***

Қазағының мұңын мұңдап жоқтаған,
Азат пенен Қазыбекке мың алғыс!
Демеу болсын «Ұлы Көшке» тоқтаған,
Мынау нағыз Ұлтым үшін қыран күш!

Өтірік пе, қаншама рет зар болдық,
Құр өкпелеп Уақыт пенен Заманға.
Шын мәнінде «АҚЖОЛ» – нағыз ақжолдық
Барғаны ерлік – мұндай ірі қадамға!

Тура нағыз жүрегінде алыптың,
Селт еткізген ұйқыдағы естіні!
Бас қаласы сан миллиард халықтың,
Қазақ зарын өз аузынан естіді!

Бір жарық етті Қазағымның арманы,
Сілкіп тастап енжарлық пен тасаны!
26 жыл Тәуелсіз Ел алғалы,
Қос азамат ерлік қадам жасады!

Жігер берер ойландырып естіні,
Бұлқынған ұлт шарт үзгендей торды әні!
Ер Қазақтың үнін тағы естіді,
Сан мың жылдық Ұлы Қытай қорғаны…

Жұмаш Көкбөрі,

juldizdar.kz

Previous Роза Рымбаева белгілі әкімнің өзін қалай қорлағанын айтып берді
Next Қарағандылықтар әйгілі "МузАрт" жігіттерін "ішіп алып, сахнаға шықпады" деп айыптаған

Осыған ұқсас

Сапарбаев қайырымдылықты қолдайтын эстрада жұлдыздарын марапаттады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы қайырымдылық шараларға үшінші жыл қатарынан қатысып жүрген отандық эстрада жұлдыздарын марапаттады. Ақтөбеде облыс басшысының қатысуымен «Біз біргеміз» атты әлеуметтік маңызды акция өтті. Шараны қалалық сал

Атамбаев жеке мүддесі үшін әруақтан да аттап кетті – Қазыбек Иса

Ежелден туыс  екі елдің арасына от тастап сөйлеу – ел басшысының емес,  есердің сөзі Туысқан Қырғыз елінің президенті Алмазбек Атамбаевтың  өз еліндегі президент сайлауы жақындаған сайын жаны қысылып, жанталасып келе

Қытайлық қандасымыз Сайрагүлдің жанынан табылып, қолдау білдірген Меруерт Түсіпбаеваға жұрт риза болды

Қытайлық қандасымыз Сайрагүл Сауытбайдың ісі бірнеше ай бойы қоғам назарында болды. Балаларына жетем деп түрмеден бір-ақ шыққан әйелдің сот залынан босап шыққаны да көпшілікті қуантып тастады. Тіптен отандық жұлдыздар да

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап