Қарағандылықтар әйгілі «МузАрт» жігіттерін «ішіп алып, сахнаға шықпады» деп айыптаған

Қарағандылықтар әйгілі «МузАрт» жігіттерін «ішіп алып, сахнаға шықпады» деп айыптаған

Әйгілі «МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиев қарағандылықтардың көңілін қалдырған сәтін еске алды. Жоспарлаған концертіне жете алмаған деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Эстрада дүлдүлдері Қарағандыдағы жеке концерттеріне жете алмай, көптің көңілін қалай қалдырғанын айтты. Сонда, жергілікті жұрт әншілер мас болып қалғаннан, сахнаға шыға алмады деп шуласқан еді.

Астанадан жеңіл көлікпен Қарағандыға жол тартқан Мейрамбек пен Сәкен сол күйі діттеген жерге жете алмаған.

«Аяқ астынан боран болып, боранның барысында екі көлік қақтығысып, жолда кем дегенде мына жаққа қарай 2000 машина, бері қарай 2000 машина Атбасардың екі ортасында сондай көлік кептелісі болып, ешкім өте алмай…», – деп есіне алды Сәкен.

Жеке кештері ақыры өтпей қалады. Дегенмен, алдын-ала ұшақпен жеткен Кенжебек Жанәбілов пен вокалды аспапты ансамбльдің өзге мүшелерін, концерт залынан көрген көпшіліктің көңілінде күдік ұялаған.

«Кенжебекті көрдік, Сәкен мен Мейрамбек мас болып сахнаға шыға алмай қалыпты деген қаңқу әңгімелер, өсектер де кеткен», – дейді ол.

Previous НАҒЫЗ «АҚЖОЛДЫҚ» АЗАТ пен ҚАЗЫБЕККЕ АҚ ТІЛЕК
Next Астаналық әйел: «Мақпал Исабекованы қонақүйде күйеуіммен ұстап алдым»

Осыған ұқсас

Салтанат Бақаеваның инстаграмдағы пікірі дауға айналды

Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева «Insta достарына» сөздің байыбына барып, содан кейін пікір таластыруға кеңес берді. Бұған себеп болған, әншінің инста парақшасындағы мына сөздер. Осы сурет жариялана салысымен-ақ, Орал қаласының

«Чип-чип-чип» өз Мариясын іздеп жүр екен…

Қазақстанда ғана емес, Ресейде де хитқа айналып үлгерген «Мария Магдалена» әнінің орындаушысы, қазақстандық әнші Асхат Тарғынов аз ғана уақытта танымалдыққа ие болған еді. Қазіргі таңда қайырмасында «чип-чип-чип» деп жұртты жапа-тармағай

МИНИСТР ЗАҢ мен ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНА БАҒЫНБАЙ МА?

Депутаттың қазақша сұрағына орысша жауап берген Ішкі істер министрі Қ.Қасымов орнынан алынуы керек Кеше, 16 мамыр күні  Парламентке  келген  ҚР Ішкі Істер министрі  Қалмұханбет Қасымов   өзіне Қазақстанның мемлекеттік тілінде сұрақ

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап