Қытайда Қанат Исламның жекпе-жегін көрген қазақтар түрмеге жабылды

Қытайда Қанат Исламның жекпе-жегін көрген қазақтар түрмеге жабылды

Қытайда боксшы Қанат Исламның Алматыда өткен жекпе-жегін көрген қазақтар түрмеге кетті. Бұл туралы бүгін Астанада Қытайдағы қазақтардың заңсыз қудалануына қатысты өткен баспасөз мәслихатында қоғам белсендісі Қыдырәлі Оразұлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

“Білесіздер, бізде Қанат Ислам деген боксшы ағамыз бар. Қазақстанның шашбауын көтеріп, әлемге танытып жүр. Сол бауырымыз Қытайдан келген. Боксшының Алматыда болған жекпе-жегін интернеттен, теледидардан қолдаушылардың бәрі түрмеге кетті. Бұл туралы сайттарда да, журналдарда да жазылды.

Одан кейін Бекболат ағамыз (Тілеухан – ред.ескертп.) бар, сол кісімен суретке түсіп, шығармаларын, әндерін жолдаған азаматтарды соттап жатыр. Жалпы, Қазақстандағы танымал адамдарды көрген, олармен суретке түскен, оларды жарнамалағандарды түрмеге қамауда”, — деген Оразұлы Димашқа қатысты ақпарат келіп түспегенін айтты.

Естеріңізге салып өтсек, бүгін Қытайда нақақтан-нақақ сотталған 160 қандасымызға қатысты ақпарат түскенін хабарлаған едік.

Previous Астаналық әйел: «Мақпал Исабекованы қонақүйде күйеуіммен ұстап алдым»
Next Ерке Есмаханның ісі сотқа берілді

Осыған ұқсас

Әлішер Каримов «Жаңа толқын-2014» байқауында үштікке іліне алмады

«Жаңа толқын-2014» халықаралық музыкалық байқауының шешуші кезеңінде қазақстандық әнші Әлішер Каримов ақын Талант Арынғали мен композитор Ғалымбек Исимбергеновтың «Әрине» әнін орындап, 67 ұпай алды деп хабарлайды massaget.kz. Үш күннің қорытындысы бойынша

Күйзеліске түскен Анджелина Джоли өлім аузында жатыр

Голливуд жұлдызы Анджелина Джолидің өміріне қауіп төніп тұр. Танымал актриса соңғы кездері өмірінде орын алған оқиғалардан қатты жүдеп кеткен. Оның қазіргі салмағы небәрі 34 килограмды құрап отыр. Дәрігерлер Джолидің денсаулығына

Астаналық әйел күйеуінің ашынасының суретін әлеуметтік желіге жариялады

Астаналық Жұмагүл Омарова есімді әйел Фейсбуктегі жеке парақшасына күйеуінің ашынасының суретін жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Ол бұл қыздың тіпті қымсынбайтынын айтқан. «Мына қыздың аты Ақбота. Астанада тұрады. Менің күйеуіммен, үш

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап