ЭКСКЛЮЗИВ: Ерке Есмахан әйгілі түрік әншісімен бірге дуэт орындайды
11.12.2017 1 пікір 1723 қаралды

ЭКСКЛЮЗИВ: Ерке Есмахан әйгілі түрік әншісімен бірге дуэт орындайды

Әйгілі түрік әншісі Юсуф Чим Ерке Есмаханмен бірге дуэт орындайтын болды. Бұл туралы ол «Жұлдыздар құпиясы» журналына берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.

– Юсуф мырза Қазақстанға қош келдіңіз! Келе жатып қандай ойда болдыңыз? Қазақстанды қалай елестеттіңіз?

– Көп рахмет! Шақырту алған күннен бастап интернеттен өзіме ақпарат жинай бастадым. Іздендім. Ерекше сұлу қалаға келе жатқанымды анық білдім. Күтіп алғаннан бастап ерекше құрмет көрсетіп жатыр. Ұлттық тағамдарыңыздан ауыз тидім. Бəрі керемет. Ризамын!

– Қазақстанда өзіңіздің көптеген жанкүйерлеріңіздің бар екенін білесіз бе?

– Ия, білемін. Инстаграм желісінде Қазақстаннан көп жазады. Мен қуаныштымын.

– Түркияда да атағыңыз осы #запахклубники телехикаясынан кейін шықты ма?

– Кішкентайымнан футболға құмар болдым. Профессионалды түрде ойнадым. Бір ойында қатты жарақат алып футболмен қош айтысуға тура келді. Қазіргі таңда плестейшнмен ғана ойнаймын. Мамандығым модель. Əнді де айтамын. Кино əлеміне əкелген осы телехикая. Менің бағым десе де болады. Осы сериалдан кейін түрлі түсірілімдерге шақырту көп алдым. Табысым өте жақсы!

– Демет екеуіңіз өте əдемі жұп едіңіздер. Неліктен айырылысып кеттіңіздер?

– Түсірілім барысында бір-бірімізді ұнатып өмірде де қол ұстастық. Дегенмен түрлі себептерге байланысты бір жарым жыл болды бірге емеспіз.

– Қазақ əншісімен дуэт орындауға қалай қарайсыз?

– Бүгінгі «Жыл таңдауы» концертінде қазақ əншісі Ерке Есмаханмен бірге кеш жүргіземіз. Негізі жоспар бойынша дуэт те айтуымыз керек болған. Уақыттың тығыздығынан реті келмеді. Ерке Есмаханның клиптерін көріп өнерімен танысып шықтым. Қаралымы көп əнші екен. Жақсы əн тауып алдағы уақытта дуэт орындап шығамыз деген ойдамын. Мен үшін сіздермен бірлесе жұмыс істеген үлкен мəртебе.

– Бүгінгі кеште сіз де жанды дауыста өнер көрсетесіз бе?

– Сұрағыңызды түсінбедім. Басқаша қалай…

Лəйла Сұлтанқызы: Бұл кісілерде фонограмамен айту деген жоқ. Барлық жерде жанды дауыста айтады. Сол үшін де сұрақтарыңызды түсінбей отыр.

Previous ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕГЕН ЖАҢА ЖОБА
Next Танымал продюсер Мақпал Исабековамен болған жақын қарым-қатынастары туралы айтып берді

Осыған ұқсас

ӘНШІЛЕР ОРЫСТІЛДІ РАДИОЛАРМЕН КҮРЕСУІ КЕРЕК

Қазіргі таңде елге ең танымал тұлғалар – әншілер. Күні кеше ғана жер мәселесі туындағанда халық олардың бұл дауға қатысты үн қатуын күтті. Мұны сезген Сәкен Майғазиев, Бекжан Тұрыс сынды ұлтжанды

Шынар ЖАНЫСБЕКОВА, актриса: Ажалдың күлкісін іздеп жүрмін

Шынар Жанысбекованы іздеп, М.Әуезов атындағы драма театрға келгем. Іздеген актрисам алдымнан шықты. Дайындықтан шыққан беті екен. Біртүрлі образда. Киінгені де. Дауысы да. Алғашында түсінбедім. Еріксіз жымидым. «Ой, мән берме, бір

Т.Төреғали: Ринат маған айтысты қалай шоуға айналдыруды үйреткен ұстазым (видео)

Танымал әнші, бұрынғы айтыскер ақын Төреғали Төреәлі Ринат Зайытовты өзінің айтыстағы ұстазы санайтынын айтты. Бұл туралы ол желіде таралып кеткен сұхбаттарының бірінде баяндаған. «Ринат  – менің айтыстағы ұстазым. Айтысқа келіп,

1 пікір жазылды

Жауап