Мақпал Жүнісова еркектің сырттағы жүрісіне көз жұма қарау керектігін айтты
16.12.2017 1 пікір 4333 қаралды

Мақпал Жүнісова еркектің сырттағы жүрісіне көз жұма қарау керектігін айтты

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова ер адамдардың қашанда қыздарға көз салып жүретінін айтты. Әнші күйеуі бар әйелдерге сабырлы болуға кеңес берді. Айтуынша, ер адам басқамен көңіл қосса да, оған кешіріммен қарау керек. Себебі Халық әртісі “күйеуіңді үйден қуып шықсаң, ол қашан да басқа әйел тауып алады” деген ойда.

Бұл туралы Мақпал Жүнісова Hit-TV арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Қазақтың ерке қызы ер адам басқа әйелге көз салса, барлығын ақылмен шешуге болады деп санайды.

“Күйеуіңе көбірек күлімдеп, жылы жүз білдіргенің жақсы. Ер адам үйден 30 қадам аттаса, бойдақ боп шығады. Қыдырып кететін әдеттері бар ғой. Оны біздің анамыз да айтып отыратын. Ата-бабамыздан қалған салт па деймін?! Ата-бабамыз да 10 әйелге дейін алған ғой. Сондықтан да оған үркіп қараудың қажеті жоқ. Әйел адам сүйіп қосылған күннің өзінде, еркек жан-жағына қарап жүреді. Себебі үйдегі әйел бабын таппаған шығар. Сондықтан ондайын көрсең де көрмегендей болу керек. Өзінің отбасын сақтап қалу үшін, балаларының болашағы үшін әйел адам ақылдырақ, кешірімді болу керек. Ол қанша қыдырса да, сол жақсы әйелге қайтып келеді”, – дейді Халық әртісі.

Әншінің айтуынша, ер адамның опасыздығын кешірмей, онымен ажырасып кеткен жағдайда опық жейтін әйелдің өзі.

“Ер адам далада қалмайды. Бір әйел қуып шықса, оның ештеңесі кетпейді. Себебі қыздар толып жатыр. Сондықтан да сабыр керек”, – деп түсіндірді ол.

Previous СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ СЕРІ
Next Сақал қойып алған "Күлпәш" - Берік Тұрсынбеков елдің сынына ұшырады

Осыған ұқсас

Дизайнер Жадо өзін «шошқаға» теңеген Меруерт Түсіпбаеваны сотқа берді (Фото, Видео)

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаеваның басы дауға қалды. Дизайнер Жадыра Сахиева әншіні сотқа берді деп хабарлайды NUR.KZ. Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева мен Жадоның арасындағы дау әлі де басылар емес. Өзінің жеке

Майғазиевтің жары: Сәкенге жас қыздар қарайды, мен үйден оны соған лайықты баптап шығарып саламын (фото)

Жүрегімнің ішіндегі жүрегім: Сәкен Майғазиев жаңа клипін қиын кездерде қолдау көрсеткен жұбайына арнады. Жүрегімнің ішіндегі жүрегім! Жақында ғана дәл осы әнге бейнебаян таспалаған Сәкен Майғазиев кезекті клипін жұбайына арнағанын айтады.

Баян Есентаева: Күйеуімді ренжіттім – сол үшін жазамды алдым

Танымал продюсер Баян Есентаева Vlast.kz басылымына сұхбат беріп, күеуінің үлгілі отағасы және әке болғанын тағы да бір рет айтып өтті, – деп жазады stan.kz. Продюсер күйеуімен 22 жыл бойы үлкен

1 пікір жазылды

  1. Апа
    Желтоқсан 21, 11:53 Reply
    Мақпал сіңлім басқа не дей алады, өз қылығын біледі да.

Жауап