Құман Тастанбековпен жылап қоштасқан Асанәлі Әшімов жұртты егілтті (ВИДЕО, ФОТО)

Құман Тастанбековпен жылап қоштасқан Асанәлі Әшімов жұртты егілтті (ВИДЕО, ФОТО)

Алматы жұртшылығы “Қыз Жібек” фильмінде Төлеген рөлін сомдаған белгілі әртіс Құман Тастанбековпен қоштасты.

Sputnik / Серикжан Ковланбаев

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Қоштасу рәсімі Құман Тастанбеков жұмыс істеген Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтті. Белгілі тұлғамен қоштасуға жүздеген адам жиналды, олардың арасында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, сондай-ақ танымал қазақстандық театр және кино әртістері болды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекет басшысының атынан көңіл айту хатын оқыды, Бауыржан Байбек пен актер Асанәлі Әшімов те сөз сөйледі.

Sputnik / Серикжан Ковланбаев

Қаралы хабар 17 желтоқсан күні тарады. Белгілі актер Құман Тастанбеков Ақтауда тұратын туысқандарына қонаққа барғанда қайтыс болған.

Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков 1945 жылы 10 наурызда Алматы облысы Сарқант ауданы Екіаша ауылында дүниеге келген. Актер, Қазақстанның халық әртісі (1993 ж.).

Sputnik / Серикжан Ковланбаев

1969 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік факультетін (ұстазы – профессор Х.Бөкеева) бітірген соң, Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Оның алғаш ойнаған рөлі – “Қыз Жібек” фильміндегі Төлеген (1970 ж.). Бұдан кейін “Қыс – мазасыз маусым”, “Ағам менің”, “Ерекше күн”, “Аққулар ұшып келеді”, “Махаббат жаңғырығы”, “Ағама арналған қалыңдық”, “Қараша қаздар қайтқанда”, “Провинциялық хикая”, “Алаң шеті”, “Өрнек”, т.б. фильмдеріне түсті.

Ол театр сахнасында Қасым, Құлбек (Ш.Айтматов, “Ана – Жер-ана” мен “Ақ кемесі”), Әлібек, Нарша, Абыз (М.Әуезов, “Айман – Шолпан”, “Қарагөз” бен “Еңлік – Кебек”), Тәңірберген (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”), Жан (О.Бөкеев, “Құлыным менің”, Қазақстан Ленин комсомолы сыйл., 1976), Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев, “Абай”), Маздақ (М.Шаханов, “Сенім патшалығы”), Орест (Л.Дюрко, “Электра, сүйіктім менің”), Флоридор (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”), Фархад (Назым Хикмет, “Фархад – Шырын”) т.б. секілді әр алуан рөлді сомдады.

Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Previous Сақал қойып алған "Күлпәш" - Берік Тұрсынбеков елдің сынына ұшырады
Next Алтынай Жорабаеваның ата-анасы алғаш рет қыздарының ажырасуына қатысты пікір білдірді

Осыған ұқсас

Серікбол Сайлаубек ұрығын қытайларға сатып жүргені рас па? (ВИДЕО)

Серікбол Сайлаубек ұрығын қытайларға қаншаға сатып жүр? Бұл туралы сұрақты журналист Ержан Шайжан «Ұнамаса қарама» жобасында әншіге қойды.   Бағдарламаға қонаққа келген әншіден журналист шығармашылығы жайлы сұрады. Одан кейін жүргізуші

Алматы мен Астанада өтпей қалған митингтерге қалай тосқауыл қойылды? (фото)

21 мамыр күні  жұртшылық жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсылық білдіріп, бейбіт митингке шығуды бір ай бойы жоспарлаған болатын, – деп хабарлайды nur.kz. Алайда тұрғындардың бұл жоспарын заңсыз деп санаған полицейлер

Мейрамбектің шашсыз келбетін көрген жұрт оны ақын Балғынбекпен шатастырып алды (фото)

Қазақ халқының сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаев алғаш рет өзгеріске ұшыраған түр-келбетін көрсетті. Ол әріптестерімен бірге түскен суретін жариялап, елдің талқысына түсті, деп хабарлайды Stan.kz. Шашын тақырлатып алып тастаған Мейрамбек Бесбаев

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап