Тұрсынғали Алагөзов жартылай жалаңаш Баян Мақсатқызын періштеге теңеді (видео)
01.01.2018 1 пікір 4034 қаралды

Тұрсынғали Алагөзов жартылай жалаңаш Баян Мақсатқызын періштеге теңеді (видео)

Еліміздегі атышулы жұп Тұрсынғали Алагөзов пен Баян Мақсатқызы таяуда некелерін қиған еді. Ендігі Алагөзов заңды жұбайымен түскен суреттері мен видеожазбаларын жиі жариялай бастады. Ол кезекті жазбасында Баянның сұлулығына тамсанып, періштеге теңеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов Instagram желісіндегі парақшасында жұбайы Баян Мақсатқызымен түскен видеосын жариялады. Видеода атышулы продюсердің денесін орамалмен жауып тұрғаны байқалады. Ал Алагөзовтың өзі жұбайын періштеге теңеді.

«Мен ақылгөйсіп тұрғанда, көктен әйел бейнесінде періште түсті. Менің ойымша, ол менің сиқырлап алу үшін, табанына сиқырлы май жағып жатыр. Не істеймін?» – деп жазды Тұрсынғали Алагөзов.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары денесінде орамалдан басқа лыпасы жоқ Баян Мақсатқызын және оны жартылай жалаңаш күйде жариялаған Алагөзовті сынап тастады. «Баян жаңа жылға жақсылап дайындалып жатқан сияқты. Орамалын шешіп тастамағаны жақсы болды», «Қолданушылардың барлығы сізге емес, орамал оранған Баянға қарап отырған сияқты», «Әйеліңізді масқаралап жатырсыз ғой», «Сіздің мұндай әрекетіңізге таңданбаймын. «Тең-теңімен, тезек қабымен» дейді ғой. Бәрін уақыт көрсетеді», «Жақында ішкиіммен тұрғанын жариялайтын шығар», – деп жазды ашуланған желі қолданушылары.

Previous Назарбаев Ерке Есмаханды Жаңа жылымен құттықтады
Next Қайрат Нұртастың жұбайы енесі туралы бұрын-соңды айтылмаған құпияларды ашты

Осыған ұқсас

Шәкәрім өлеңдерін насихаттаймын деп интим фильмге түскен қазақ актрисасы елді шулатты (ВИДЕО)

Қазақстандық актриса Бибігүл Сүйіншалина мен вайнер әрі актер Шәріп Серік “Көңілдес” атты қысқаметражды фильмде басты рөлді сомдады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Төсек қатынасын ашықтан ашық көрсететін фильм қазақтың белгілі ақыны

Мәдина Сәдуақасова көпшіліктің алдына қара киіммен шықты (фото)

Мәдина Сәдуақасованы көпшілік аса сұлу әрі жарасымды киінетін әншілердің қатарына жатқызады. Алайда Азамат Сатыбалды фильмінің көрсетіліміндегі оның образы елге жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ. «Бір сен үшін» деп аталатын жаңа

Болат Назарбаевтың жұбайы туралы не білеміз?

Галерея айдарының бүгінгі кейіпкері Болат Назарбаевтың жұбайы – Гүлнұр Назарбаева. Гүлнұр әлеуметтік желідегі белсенді қолданушының бірі. Бұл туралы 365info.kz порталы хабарлайды. Соңғы уақытта түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдас­тырумен көзге түсіп жүр. Ол,

1 пікір жазылды

  1. Қазақ
    Қаңтар 15, 02:27 Reply
    Мал ғой мынау Алагозовтер

Жауап