Жүргізушілердің сүйіскенін көрсеткен Ұлттық арна тағы да дауға қалды

Жүргізушілердің сүйіскенін көрсеткен Ұлттық арна тағы да дауға қалды

31 желтоқсан күні миллиондаған көрерменге ұсынылған «Сыңғырлаған сиқырлар» атты жаңа жылдық шоу-бағдарламаны эфирде көрсеткен Ұлттық арна тағы да халықтың наразылығын тудырды. Бұл жолы әлеуметтік желі қолданушылары «Қазақстан» арнасының кеш жүргізушілері әнші Кәмшат Жолдыбаева мен жас актер Олжас Абайды сүйістіріп қойғандарына ашулы, – деп хабарлайды «Жұлдыздар құпиясы» порталы. 

Аталған қарсылықты белгілі журналист Еркін Шәкірұлы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Пікір білдірушілердің көбі бұл «ұят жағдай» деп есептейді. Аталмыш жазбаға көпшілік қауым «Біреудің қолтаңбасы бар секілді», «Қалай ғана мындай ұятты көресің», «Азғындық» деген секілді пікірлер қалдыруда.

Атап өту керек, бүгін отандық БАҚта Еуразия арнасындағы бір ток-шоуда болған «ұятсыз» жағдай туралы да жазылды. Жүргізушінің бағдарлама қонағы болған бойжеткеннен «Сен қызсың ба?» деп сұрауы елдің ашуын тудырды.

Отандық арналардағы мұндай олқылықтар халықтың наразылығын тудыруда.

Previous Талғат Жорабаевқа қоқан-лоққы көрсеткен Төреғалидің қай "көкесі" екені анықталды
Next Танымал ақын Баян Алагөзова түсірген сериалды тас-талқан етіп сынап тастады

Осыған ұқсас

Баян Есентаева қазақстандықтарды жаңа Конституциямен құттықтады

Баян Есентаева қазақстандықтарды жаңа Конституциямен құттықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық продюсер бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. «Жаңа Конституциямен құттықтаймын! Соңғы түзетулер елімізге пайдасын тигізеді деп сенемін», –

Ұлттық пантеонға 79 млрд бөлген Қазақстанда дағдарыс бар ма?!.

Аумағы 1000 гектарды құрайтын пантеон Астанаға іргелес жатқан Қабанбай батыр ауылында бой көтереді. Аталған елдімекен мұнан кейін елорда аумағына қосылады деп жоспарланған. Жобаның құны 79 миллиард теңгені құрап отыр деп

Қайрат Нұртас Астанадан мектеп ашқалы жатыр

Қайрат Нұртас Vlast.kz басылымына берген сұхбатында қытай тілін қайдан үйренгендігін, не себепті саясаткер болудан бас тартқанын, анасының өз өмірінде қандай рөл ойнайтынын, Омск журналистерімен араздасуының себебін, әкесі көмектескен 500 адамның кім екенін

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап