Танымал ақын Баян Алагөзова түсірген сериалды тас-талқан етіп сынап тастады

Танымал ақын Баян Алагөзова түсірген сериалды тас-талқан етіп сынап тастады

Қазақтың көрнекті сатира сардары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбек Ұлттық арнадан көрсетіліп, үлкен дауға айналған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» сериалына қатысты өз пікірін осылай жеткізді, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ұлттық порталының тілшісі.

– Біздің қазақ киносы тарихында дәл осы «Баян Сұлу» сериалындай дау-дамай туғызған сериал болған жоқ. Неге? Бұл жанжал қайдан шықты? Негізгі сыншы халық емес пе? Халық – елек. Өнерді – бір қап ұн деп қарайтын болсақ, ұныңды илегенде керегі бір жақта, кебегі бір жақта қалмай ма? Осы сериалды електен өткізсек, бұның керегі шамалы, кебегі көп дүние. Сондықтан да, көпшілік көңілінен шықпағаннан кейін наразы.

«Халық ұйғарса, хан түйесін сояды» деген аталы сөз бар. Осы сериалдың айналасында тер төкпесе де, еңбектенгендерге, олардың шашбауын көтергендерге айтарым – шын өнерді қорлауға болмайды!

Қазақ халқы бағзыдан бері өзінің салт-санасын, әдет-ғұрпын сақтап келу арқылы қазақ болып келе жатқан жоқ па? Сериалды түсірушілер әдебиетіміздің алтын қорына айналған ұлы дастанымызды алып шыға алмаған. Жібектей дүниемізді жұлмалап жүн-жырғасын шығарған. Әрқайсысының рөліне жеке-жеке тоқталуға болар еді, оны артық санап отырмын. Себебі, жалпы алғанда сериал жасанды, сенімсіз, халыққа көрсететіндей деңгейде емес.

Ал, енді біреулер шығып «ойбай, ол жырдың бәленбай нұсқасы бар» деп жатыр. Мейлі, қанша нұсқасы болса да, халықтың жүрегінде, көкірегінде «Қозы-Көрпеш – Баян-Сұлу» жыры шолпан жұлдыздай бір ғана нұсқада жарқырап тұр. Бұлар соны жарқырата алмады. Оның несін қорғайды? Өмірде екі нәрсе бар: бірі – қорғау, екіншісі – қорлау. Жарты ғасыр бұрын түсірілген «Тақиялы періште» мен «Қыз Жібекті» қараңызшы. Қандай көркем дүние! Ал, Баян Есентаеваның мына сериалын өзінің жақтастары мен жақындарынан басқа жақтап, қолпаштап отырған адамды көрмедім.

Біз продюсердің мүддесін емес, елдің, көзі ашық көрерменнің мүддесін ойлауымыз керек. Елдің мүддесі – мемлекеттің мүддесі. Мемлекет мүддесі мен Менмендік мүдде деген екеуі екі түрлі. Бізді құртатын осы менмендік мүдде. Атым шыққан деп, осылай жасауға бола ма?

Ел аузында мынандай әфсана бар: «Қотыр ешкі айтқан екен: «Мені кім сойса да, қасапшы сойса екен» деген. Бұлар қазақ киносының қасапшысы да бола алмады.

Қазақта «тұщымды» деген ұғым бар. Шеген құдықтың суынан артық су жоқ. Ал, қазір «Кока-кола» секілді бер жағы жылтырап тұрған, ар жағы мейіріңді қандырмайтын құр тәтті су көп. Онымен халықтың мейірін қандыра алмайсың. Бұлар сол «Кока-кола» секілділер ғой.

Previous Жүргізушілердің сүйіскенін көрсеткен Ұлттық арна тағы да дауға қалды
Next "Мұхитденов қателеседі!": Белгілі тарихшы Баян Алагөзованың әкесіне жауап берді

Осыған ұқсас

Бейбіт Ыстыбаев үшінші мәрте “Қазақстан Барысы” атанды

Бүгін Астанадағы “Сарыарқа” велокешенінде “Қазақстан Барысы” республикалық турнирінің финалдық кезеңі өтіп, жеңімпаз анықталды деп хабарлайды NUR.KZ. Осымен алтыншы рет өткізілген  турнирде Бейбіт Ыстыбаев қатарынан үшінші рет жеңімпаз атанып отыр. Финалда

Әрбір мұсылман ерлі-зайыптылар білуі тиіс дұғалар

Ақ некені қидырып, бір-біріне «ауыр серт» берген ер мен әйел ең алғашқы күннен-ақ екі дүниеде бақытты болудың жолын іздейді. Осы орайда отбасы тыныштығының ұйытқысы болатын төмендегі дұғалар мен зікірлерді muslim.kzсайты

Өзің сүйгенді емес, өзіңді сүйгенді таңда

Сәлем сұлу да сымбатты арулар! Мен сіздермен сыр бөліскім келіп еді. Мен жалпы «өзің сүйгенді емес, өзіңді сүйгенді таңда» дейтін ұстанымды ұстанатын жанмын. Мүмкін осы кезге дейін ешкімді құлай сүймегесін

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап