«Тәубеңе түс!». Қуат Хамитов Төреғалиды қалай жазалайтынын айтты

«Тәубеңе түс!». Қуат Хамитов Төреғалиды қалай жазалайтынын айтты

Танымал спортшы, аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Төреғалидың Павлодар сахнасында көрсеткен ерсі әрекетін сынап тастады. Спортшы қандай жағдай болмасын, үлкен кісіге дөрекі сөйлеуге болмайтынын кесіп айтты. Ал бұл оқиғадан кейін Төреғалидың өзі ойлануы керек, деп түсіндірді ол.

Бұл туралы Қуат Хамитов Hit-TV арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Әнші болсаң да, спортшы болсаң да, жалпы кім болсаң да, қарапайым халыққа мінезіңді көрсетуге болмайды. Үлкенді үлкен деп, кішіні кіші деп, әйел адамды әйел деп сыйлау керек. Сондықтан қандай жағдай болмасын, қарапайым халыққа мінез көрсеткен дұрыс емес. Ол жерде не болғанын көзіммен көрген жоқпын. Бірақ сонда да халықпен олай айқайласуға рұқсат жоқ. Үлкен кісілер біздің әкеміз, анамыз, болашағымыз. Қазақ өзі аз халықпыз, сондықтан бір-бірімізге дауыс көтеріп, мінез көрсетсек, ертең еліміз үлкен елдердің қатарына кіреді деп ойламаймын және бұл салт-дәстүрімізге де қайшы”, – деп сынады ол Төреғалидың әрекетін.

“Ат төбеліндей ғана аз халықпыз” деген Қуат Найман бұл жағдайдан кейін Төреғалидың өзі тәубесіне келуі тиіс деп есептейді.

“Қазақ – біреуді түзейтін, тәртіпке қоятын халық емес. Кешірімді, момын халық. Сондықтан мұндай сәтте адам өзі жеке ойлануы қажет. Өзі де қарапайым халықтан шыққаннан кейін ол халықпен бірге болу керек, осындай жағдай арқылы өзін түзеу керек.

Егер шетелде басқа халықтың арасында жүрсем, білектің күшімен шешуге болатын еді. Бірақ Қазақстанда тұрғаннан кейін, өз қазағыма мен күшімді көрсете алмаймын”, деп түсіндірді ол.

Ал алғашқыда Төреғалиды сынап, жерден алып, жерге салған Меруерт Түсіпбаева бұл ойынан айнып қалған ұқсайды.

“Әрине, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды дейді. Басында мен қатты ренжідім. Өйткені ол менің жерімде болған оқиға, жерлестеріме қатты жаным ашыды. Менің жерлестерім сабырлы, момындау, орысшалау халық. Оның мақалын айтқым да келмейді, мәдениетсіздеу мақалды сол жерде отырған адамның 50 пайызы түсінбеді деп ойлаймын. Осы оқиға Шымкентте, не Ақтауда болса, халық тұрып кетіп қалар ма еді немесе жанжал шығар ма еді?! Бірақ соның бәрі өте мәдениетті аяқталды. Бәлкім кешірім сұрау да өнер шығар?! Енді бауырымыз шықты, кешірім сұрағандай болды”, – дейді ол.

Previous Шиедей ерні-шубами как вишня: Журналист Баянның фильміндегі қате сөздерді тізіп берді
Next Ерке Есмахан Дубайды Ferrari-мен аралағанын айтып мақтанды (видео)

Осыған ұқсас

Нұрлан Әлімжан өзін «үш баласын тастап кетті» деп сөккендерге жауап берді

Танымал актер Нұрлан Әлімжан өзінің жеке өміріне қатысты ел арасында жүрген алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойып, «балаларын тастап кетті» деп айып таққандарға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы актер «Астана»

Ләйлә Сұлтанқызы: Пәк қыздарды бұл қоғам баяғыда «Қызыл кітапқа» енгізіп жіберген

«Мен – монашкамын. Бұл – бір жігіттің маған қойып берген есімі. Алғаш естігенде ызадан жарылып, көзім жасқа толған…» деп Ләйла ханым өз ішкі толғанысын жеткізді деп хабарлайды Baq.kz. 23 жастағы

Гүлшарат Жұбаева, актриса: «Ата-енемнің сүйікті келінімін»

Гүлшарат, кино әлеміндегі соңғы жаңалықтарыңыз қандай? Соңғы жаңалықтарымның бірі – Қазақстан телеарнасында көрсетіліп жүрген «Қара шаңырақ» сериалына түстім.Одан өзге тағы бір телехикаяға түсіп жатырмын.Ол сериалдың атауы бастапқыда «Достар» болатын, кейін

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап