Алтынай Жорабаева өзін «ажырасқалы құтырып кетті»дейтіндерге жауап берді
17.01.2018 1 пікір 1959 қаралды

Алтынай Жорабаева өзін «ажырасқалы құтырып кетті»дейтіндерге жауап берді

Жұбайымен ажырасқалы бері Алтынай Жорабаеваның желіге жүктеген әр постына жағымсыз пікір жазатын оқырмандары әншіні шаршатқан. Жорабаева өзін: «қайта-қайта шошаңдап шыға береді» деп сынаған желі қолданушыларына жауап берді деп хабарлайды НТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева. Фото: Интернет желісінен

«Көбінесе: «Алтынай ажырасқалы құтырып кетіпті» немесе «кейінгі кезде шошаңдап кетіпті» дейді. Ал көңілің түсіп қалса бәрі сені аяп, «ниже плинтуса» болып кетесің. Менің ондай болғым келмейді»,-деді ол.

Желідегі парақшасында шығармашылығындағы ақпараттарды ғана бөлісіп, салауатты өмір салтын насихат ететін әнші: «Жиі жазба шығармауымның жанұямдағы келеңсіз жайтқа қатысы жоқ» дейді.

«Айналаңның барлығын ол негативпен жараландыра беруге болмайды деп ойлаймын. Сондықтан мені қалай қабылдағылары келсе де ол тыңдармандардың өз еріктерінде. Мен ешкімді өзгертуге тырыспаймын. Қалай бармын, солай қабылдау керек деп ойлаймын. Ең алдымен мен —әйелмін, анамын және өнер адамымын»,-деді әнші.

Бүгіңде төрт қыздың анасында 1 миллион 500 мың оқырмандық аудитория бар. Ал, жеке басына тіл тигізіп, жағымсыз пікір жазатын желі қолданушыларының қисынсыз қылығын Жорабаева былайша жориды.

«Мен оған қызық емес болсам, ол менің парақшама кірмейді. Демек мен қызық болып тұрмын. Ол адамның көңіл-күйі дөп келіп қалғандықтан, ұнамай қалатын шығармын. «Неге бұның көңілі күшті болып тұр, неге менікі төмен?» деп ішіндегі ашуын маған жаза салады»,-деді әнші.

Previous Әуезов атындағы театр директоры Ерлан Біләлдің ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Next Инстаграм жұлдызы Aeka Posh-тың неше жаста екенін білген жұрт таңырқап қалды (ФОТО, ВИДЕО)

Осыған ұқсас

Алматылық кондуктор 80 теңге үшін жолаушыны пышақтады

Жолақыға тиыны болмай, жер жастана жаздады. Алматыда №303-ші бағыттағы қоғамдық көлік кондукторы ақы төлемеген азаматты пышақтап тастаған деп хабарлайды КТК арнасы. ФОТО: FACEBOOK.COM Мұнымен қоймай,  қасындағылармен жабылып тепкілепті. Басқа жолаушыларға

«МелоМэн» тобы:   ТОП БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ – ЖҮРЕКТЕГІ ИМАНДА

  «МелоМэн» тобының орындауындағы «Тәтті сезім», «Арман шағала», «О, махаббат» атты әндер халықтың ыстық ықыласына бөленгені белгілі. Қайрат Мырзаханов, Жігер Ауыпбаев , Ролан Хазіретов, Ғабит Әбілдаев сынды талантты жастардан құралған

ҚАЙРАТ НҰРТАС КОНЦЕРТІНЕН ТҮСКЕН ҚАРЖЫНЫҢ 8 МЛН. ТЕҢГЕСІН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЛАРЫНА АУДАРАДЫ

Әнші Қайрат Нұртас «Мен ғашықпын…» атты концертінен түскен қаржының 8 млн. теңгесін қайырымдылық қорларына аударады.  Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Қазақстан» ұлттық телеарнасының басқарма төрайымы

1 пікір жазылды

Жауап