Ерке Есмаханның бұрыңғы күйеуі әншіге қатысты бар шындықты жайып салды

Ерке Есмаханның бұрыңғы күйеуі әншіге қатысты бар шындықты жайып салды

Танымал тележүргізуші «Бақытты әйел» бағдарламасының қонағы болып, өткені мен бүгіні жайлы сыр шертті, – деп жазды kaz.365info.kz.

Тележүргізуші қазіргі әйелін жақсы көретінін айтты.

«Айғаным — қазақтың қарапайым қызы. Ол мені қарапайымдылығымен тартты.

Кездескен сәт пен қазіргі кездегі сезімім мүлде басқа. Басында қызға деген махаббат болды. Бала туды, өзгерді одан кейін. Сонда да оны сүйем. Қазір менде әйелге деген махаббат.

Зейін деген ұлымыз бар. Болашақта ағасы Мүсіліммен жақсы араласады деген үміттемін. Қазір кішкентай ғой.  Жақындығы жоқ. Зейін — 1,5 жаста, Мүсілім 6-ға енді толады. Олар еркін, өздерінің бастарын алып жүрсе екен деймін. тәрбиеде басты бағдар ұстанатыным осы. Өз-өзін алып жүретіндей еркін өссе деймін. Олардың қаны бір. Сондықтан бір-бірінен екі ұлым алыстамайды деп ойлаймын»,-дейді журналист Асхат Садырбай.

Сондай-ақ ол Ерке Есмаханмен арадағы қазіргі қарым-қатынасына да тоқталды.

«Еркемен араласамын. Келіншегім Айғаным мені қызғанбайды. Себебі Ерке өз алдына кеткен адам. Сүйген жігіті де бар шығар. Оған бақыт тілеймін. Өзіне де ол пейілімді айттым. Ортамызда бала бар. Сол үшін араласамыз.

Еш айқай-шусыз тарастық деп айта аламын. Себебі бұл жағдай қаншама жыл бұрын болған дүние. Оған еш ренжімеймін. Ренжісем де кешіре саламын.

Әйелдердің табиғатына қарсы тұруға болмайды. « Тел өскен ұл» деген фильм бар. Ауылдың орыс жігіттерімен қаладан келген жігіттер қыздармен билиді. Жігіттер сол кезде ауылдың қыздарын қызғанып, төбелесе бастайды.

Сол кезде қыз келіп екеуінің де бетінен салып-салып жіберіп «Қойсаңдаршы болды» деп кетіп қалады ғой. Сол кезде «Ештеңе етпейді. Қыздардың бізді ұрғаны майдай жағады» дейді.

Сол сияқты ғой. Әркімнің басына көтере алатын сынақ беріледі. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бұдан да қиын сынақта жүрген кісілер де бар. Сондықтан менің өміріме еш өкпем жоқ.»,-деді Асхат Садырбай.

Previous Белгілі ақын Төреғалидің өзіне қиянат жасағанын мәлімдеді
Next Мейрамбек Бесбаевпен билеген сұлу қыз ән бітер-бітпес қашып бара жатқан әншіні ұстап алды (ВИДЕО)

Осыған ұқсас

Айнұр Тұрсынбаева: Дәрiгер, медбике болу үшiн бiлiмнен де гөрi, мейiрiмдi жүрек керек

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева аяқ астынан ағзасы тітіркеніп, ауруханадан бір-ақ шыққанын әлеуметтік желіде жаза отырып, дәрігерлердің әрекетінен көңілі қалғанын жеткізді. Тұрсынбаева жедел жәрдемнiң ауруы асқынып, бүкiл денесі iсiнiп бiткенде

Алғаш рет орысша рэп айтқан Қайрат Нұртасты ел сынап тастады (ВИДЕО)

Осы уақытқа дейін қайда жүрсе де орысша сөйлемейтін Қайрат Нұртас жуырда Ресейде өткен «Муз-ТВ» жүлдесін табыстау рәсімінде көршілес елдің тілінде сөйлеп, елді таңғалдырған болатын. Алайда желіде оның орысша рэп айтқан

Депутат болмай қалған әншілер әжуаға айналды

Желі қолданушылары депутат мандатын иелене алмаған Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалованы әжуалап, түрлі пікірімен бөлісіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Күні кеше сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 82,2 пайыз дауысын

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап