Мақпал Жүнісованың тұрмысқа шығатыны рас па?

Мақпал Жүнісованың тұрмысқа шығатыны рас па?

Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісованың тағдыры бәрімізге мәлім. Жалғыздықпен талай жылдар бойы дос болған Мақпал Жүнісованың қызы Мерей анасының тұрмыс құруына рұқсатып берген екен. Бірақ, тым кеш…

Әнші жан сырын comode.kz сайтына берген сұқбатында айтқан.

«Қызым менің – сырласым. Мерей екеуіміз бір бөлмеде ұйықтаймыз. Өмір туралы, өнер туралы, білім туралы басқа да тақырыптағы әңгімелерді айтамыз. Кішкене күнінде ол менің өзге еркекпен көңіл жарастырғанымды қаламады.

Мерей енді мектеп табалдырығын аттаған кезде осы тақырыпта әңгіме қозғадым. «Мерей, егер мен бөтен кісіге тұрмысқа шықсам қалай қарайсың?» дегенім сол еді қызым:

 «бұл үйге әкемнен басқа еркек керек емес. Маған бөтен папа қажет емес» деп қатты жылады.

Ол кезде енді тұрмысқа шығамын деп жүрген жігіт те жоқ, жай ғана баланың ойын білейін деген едім. Мерейімнің сол сөздері төбемнен суық су құйғандай болды», — деген елдің еркесі сол уақыттан бері бұл тақырыпты қозғамапты.

Ал Мерей бойжетіп қалған шағында анасына: «Мама, көңіліңіз қалаған азамат болса қарсы емеспін. Қашанғы жалғыз жүресіз?» — деген екен.

«Қызымның ниетіне алғысымды білдіріп, қазір кеш екенін айттым. Мен бүгінгі күні жалғыздыққа үйрендім. Өзім ер, өзім әйел болып жауапкершілікті арқалауға да бейімделдім. Енді маған бөтен еркектің қажеті жоқ.

Оның үстіне Зәкеңнен басқаны сүйе алмаймын”, — деп сөзін аяқтады Мақпал Жүнісова.

Previous Алтынбек Қоразбаев: Төреғали мені тиын-тебенге айырбастап кетті
Next Сәкен Майғазиев Мейрамбек Бесбаевтың отбасына қатысты ел білмейтін құпияны ашты

Осыған ұқсас

Білім күні жұлдыздар да мектепке барды

Бүгiнгi бiлiм күнi көптеген отбасына қуаныш сыйлады. Солардың бiрегейi өнер әлеiнде өз орындарын тапқан жан –Мейрамбек Бесбаевтың тұңғышы Кәусар бүгiн бiрiншi сыныпка барып, алғашқы қоңырауын соқты. Дәл сол Кәусар аттаған бiлiм

Қазақстанның ең сұлу аруы Айдай Исаева «Мисс Әлем-2014» байқауына қызу дайындалуда – ФОТО

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Мисс Қазақстан-2013» Айдай Исаева «Мисс Әлем-2014» байқауына арналған фотосессияға қатысты.Қазір Айдай 25 қаңтарда Майамиде (АҚШ) өтетін сұлулық байқауларының біріне қатысуға қызу дайындалып жатыр. Оның фотосуреттері «Әлем аруы»

Тұрсынбек Қабатов шоуы!

Ия, дәл осындай атпен әр апта сайын КТК арнасынан Тұрсынбек Қабатовтың шоуын тамашалайтын боласыздар. Күні бүгінге дейін «Базар жоқ» концертінің жаңа бағдарламасын күтіп жүретін көптеген халықтың бары белгілі. Енді міне,

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап