Бибігүл Төлегенова: Екінші күйеуім қол көтеріп, қызым екеумізді ауруханадан бір-ақ шығарды

Бибігүл Төлегенова: Екінші күйеуім қол көтеріп, қызым екеумізді ауруханадан бір-ақ шығарды

Әйел адамы үшін өнер жолы – ауыр жол! Бұл сөздің мағынасын бұлбұл дауысты Бибігүл Төлегенова жақсы түсінеді. Себебі үш рет күйеуге шыққан әнші тұрмыста көп қиыншылық көргенін айтады. Өмірлік серік ретінде таңдаған күйеуінің бірі маскүнемдікке салынып, екіншісі қызғаныштан қол көтерген. Үшіншісі де Халық артисінің сахнада жүруіне қарсы болыпты.

Бұл туралы Бибігүл Ахметқызы “Астана” арнасының “Сырласу” бағдарламасына берген сұхбатында әңгімелеп берді, деп жазады Stan.kz.

“18 жасымда 30-ға келген Семейдің азаматына тұрмысқа шықтым. Оның үйі жоқ, мен жатақханада тұрамын. Қайда барамыз? Отбасылы адамдарды жатақханаға тұрғызбайды. Сонымен бір жеке үйге кірдік. Қар түскеннен кейін онда тұруға мүмкіншілік болған жоқ. Күйеуім Ахмет Қуанұлына барып: «Біз мұнда тұра алмаймыз, мен әйелімді алып кетемін», – дегенде ол кісі: «Жоқ, алып кете алмайсыз. Біз қазір ауыл аралап, осындай таланттарды іздеп жатырмыз. Келіп отырған адамды жібере алмаймыз. Оқытамыз, жағдай жасаймыз, сізге жұмыс табамыз», – деді. Сөйтіп күйеуім театр институтына завуч болып жұмысқа кірді”, – деп еске алады Төлегенова.

Бұдан кейін әнші отбасымен бірге жатақханада, училищенің жертөлесінде тұрғанын айтады.

“Тұрмыстық өмірде көрген қиыншылықты Құдай басқа бермесін”, – деп баяндады ол.

Айтуынша, қиыншылыққа шыдамаған күйеуі ақырында араққа салынып кеткен.

“Ол кісі оқымысты, білімді болды. Ал мен ауылдан келген не білемін? Кітап та оқымағанмын. Сөйтіп жүріп күйеуім маскүнем болып кетті. Мен оған ештеңе айта алмаймын, қорқамын, айтуға ұяламын. Ішкен адамның жайы белгілі ғой. Мен театрға жұмысқа тұрған соң, ол артымнан іздеп келіп, талай шу шығарып, берекемді қашырды. Сонымен бұл адам болмайды деп екі баламды алып, қаштым да кеттім», – деп еске алады Бибігүл Ахметқызы.

Арада 5-6 жыл өткен соң Төлегенова ұзын бойлы, келбеті келіскен Кәмел есімді жігітке тұрмысқа шыққан.

“Әкімші жігіт еді. Қыздардың барлығы да мінезі жақсы, арақ ішпейді деп мақтайтын. Сөйтіп, әрі бері қарап жүрдім де, еңбекқор жігіт екенін білдім. Бой десе бойы, түр десе түрі бар. Екеуміздің әңгімеміз жарасып, 1961 жылы тұрмысқа шықтым. Әкесі кезінде Ленинмен кездескен, сондай білімді кісі екен. Мен ол кезде Қазақстанның халық әртісімін. Олар маған әртіс болғаннан соң біртүрлі қараған болуы керек”, – дейді Төлегенова.

Айтуынша, екінші күйеуі әкесімен жасты азаматтан қызғанып, ақырында оған қол көтерген.

“1967 жылы іссапармен Египетке бардым. Келгеннен кейін Мұхамеджан Қаратаев деген әкеммен жасты ағамнан қызғанып, маған қол көтерді. Миым шайқалып, ауруханаға түстім. Театрдағылар “Төлегенованың күйеуі басын балтамен жарыпты” деп шуласты. Мен ондайды жек көремін, ешқашан қол тигізбейтін адаммын. “Сен сол кісімен екі адам болып әдейі кеттің” деп жала жапты. Біреулер айдап салған болуы керек. Өйткені ондайы болмайтын. Қайта біреулер маған қараса, күліп отыратын. Жалғыз өзімді ғана емес, қызым мені жақтап еді, оны да ұрып тастады. Сөйтіп екеуміз ауруханадан бір-ақ шықты. Менің миым шайқалған.  Бәлесінен аулақ, балаларыма зақым келгенше, тұрмаймын деп кетіп қалдым”, – дейді ол.

Бибігүл Ахметқызы жасы 40-қа жақындағанда жас жігітке тұрмысқа шыққан. Алайда ол да жұбайының үйде отырғанын қалап, әншіге күн көрсетпеген көрінеді.

“Қазақтың жігіттері әйелдерін отырғызып қойып, үстінен қарап отырғанды жақсы көреді”, дейді Ахметқызы.

Previous Айсәуле Бақытбек: Шалдармен төсектес болып, төсекте олардың дегенін істеген дұрыс па?
Next Нұртас Адамбай төсек арқылы танылған отандық актриса жайлы шындықты жайып салды

Осыған ұқсас

Бұрынғы мектеп оқушылары ҰБТ туралы адам шошырлық жайттарды баяндады

ҰБТ-ның басталуына бір айдан астам уақыт қана қалды. Бұл сынақ оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де мазасын қашырған. Осы орайда, ҰБТ тапсырған бұрынғы оқушылар NUR.KZ порталында өз тәжірибелерімен бөлісті. ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО:

Серікбол Сайлаубек ұрығын қытайларға сатып жүргені рас па? (ВИДЕО)

Серікбол Сайлаубек ұрығын қытайларға қаншаға сатып жүр? Бұл туралы сұрақты журналист Ержан Шайжан «Ұнамаса қарама» жобасында әншіге қойды.   Бағдарламаға қонаққа келген әншіден журналист шығармашылығы жайлы сұрады. Одан кейін жүргізуші

Мөлдір Әуелбекова: Баламды екі жыл емізсем деймін (ВИДЕО)

Босанғанына небәрі екі ай уақыт өткеннен кейін Мөлдір Әуелбекова қызу жұмысқа кірісіп кетті. Ән жазу, бейнебаян түсіру, түсірілімдерге қатысу… Бәрі баяғыша. Тек бұрынғымен салыстырғанда енді оларға бөлінетін уақыт шектеулі. Бұл

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап