ЕЛБАСЫ ЕКІ СӨЙЛЕМЕЙДІ!

ЕЛБАСЫ ЕКІ СӨЙЛЕМЕЙДІ!

 

ЕЛБАСЫНЫҢ СӨЗІН МИНИСТРДІҢ ТҮЗЕУІ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?

 
Кеше Елбасы Елдің Тәуелсіздік алғанына ширек ғасырдан асып, 27 жылдан асқанда жеткен тіл тәуелсіздігі туралы айтқан сөзін естіп, елдің тіпті, көз жасын да тыя алмағанына куә болдық. «Сол кезде «ЕЛБАСЫ ТІІЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІН МӘЛІМДЕДІ» деп, елдің пікірін білдірген ақын Қазыбек Иса бір комментінде: « Әдеттегідей ертең Елбасы сөзіне корректорлық жасайтындар шыға келмесе екен» -деп , қауіптенгені бекер болмады. Ақын айтып, ауыз жиғанша, бүгін Ақпарат министрінің «ақпараты» шықты.
 
«Дәурен Абаев үкімет отырысының қазақ тілінде өтіп жатқанына қатысты Абаев мұның міндетті емес, алайда өз уақытымен болып отырған үрдіс екенін айтты. «Тәуелсіздігіміздің 26 жылы ішінде үкіметте, Парламентте қазақ тілінде сөйлей бастауымыз керек. Бұл мемлекеттік тілді меңгерген деңгейіне байланысты. Қазақстанның кейбір азаматтары ойын орыс тілінде жеткізгісі келсе және жеткілікті түрде қазақ тілін білмесе олардың орыс тілінде сөйлегені дұрыс деп есептеймін. Тағы да қайталап айтамын, үкіметтің барлық мүшесі мен депутаттар қазақ тілін жақсы меңгерген», – деді ақпарат министрі…
 
Қазақ тілін ешкімнен кем білмейтін министр Дәурен Абаев мұны өз еркімен айтып отыр деп ойлауға болмайды. Бұл нені білдіреді? Бұл Ақордада Елбасының әрбір ұлттық мүддеге байланысты қарекетіне қарсы тұрушы күштер әлі де аз емес екенін көрсетеді. Былтырғы қазақ тіліне қарсы айтылған, «орыс тіліндгі сұраққа орысша жауап бермегендер жұмыстан кетеді» деген, Президенттің өзі қол қойған Тіл заңына қарсы сөздің бастауы соның алдында ғана орыс-казактар құрылтайына қатысып, Президент қабылдауына кірген Олжас Сүлейменовтен шыққанын, оны Елбасының сөзінің ішіне жазып, алдына қойған бүгінде Ресей мүддесіне Отанға сатқындық жасағаны үшін сотталып кеткен сол кездегі Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев екенін ел жақсы біледі.
 
ЕЛДІҢ ТІЛЕГІН АЙТҚАН ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ СӨЗІНЕ ҚАРСЫ ШЫҒУШЫЛАРДАН ЕЛ БОЛЫП ҚОРҒАЙЫҚ!
 

Дереккөз: GU-GU 24.kz

Previous Битіп биле: Ерке Есмаханның биі желіні шулатты (видео)
Next Танымал актер Баян Алагөзованы сынап тастады

Осыған ұқсас

Жасы жетпіске жақындаса да жарына деген сезімін жасырмаған Жолжақсынов елді тәнті етті (видео)

Танымал актер Досхан Жолжақсыновтың жары Қарагөз Сүлейменова Instagram әлеуметтік желісінің белсенді қолданушысы. Ол отбасылық мерекелерден видеолар мен суреттер жүктеп, көрермендерін қуантып отырады. Бұл жолы ол өзінің өмірлік серігі Досхан Жолжақсыновпен

Депутат болмай қалған әншілер әжуаға айналды

Желі қолданушылары депутат мандатын иелене алмаған Қайрат Нұртас пен Жанар Дұғалованы әжуалап, түрлі пікірімен бөлісіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Күні кеше сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 82,2 пайыз дауысын

Мейрамбек Беспаев пен Медеу Арынбаев хит орындады (видео)

Қазақтың шоу-бизнесіндегі ел ағалары — Медеу Арынбаев пен Мейрамбек Беспаев дуэт болып, жаңа ән орындады. Бұл туралы  kaz.365info.kz хабарлады. Су жаңа әннің авторы – Медеу Арынбаевтың өзі болса, сөзі —

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап