Айсәуле Бақытбек Қазақстанды парақорлар елі екенін айтты

Айсәуле Бақытбек Қазақстанды парақорлар елі екенін айтты

Айсәуле Бақытбек еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірін жемқорлыққа жол беріп отыр деп айыптады. Ол Қазақ Ұлттық университетінде оқитын таныстары сабаққа бармайтынын, алайда соған қарамастан білім алуды жалғастырып жатқанын айтты.

Тіпті, оқу орнының бетін көрместен, диплом алып жатқан студенттер де жетерлік екен.

Бұл туралы Айсәуле өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Елімізде жемқорлыққа жол бермейтін университеттің бірі — ҚазҰУ. Бұл жаңалық көзіме оттай басылды. Әрине, мен ешқашан ол оқу орнында боп көрмеппін.

Бірақ ондағы кемі 20 студентті танимын. Барлығы дерлік сабаққа мүлде бармайды.

Маған салса да сабаққа мүлдем бармас едім. Өйткені бізде сондай мүмкіндік бар. Ол мүмкіндікті неге пайдаланбасқа? Сабаққа бармай, диплом алудан кім бас тартсын?!” – дейді бойжеткен.

Айсәуленің айтуынша, елімізде барлық сала қызметкерлері пара береді және пара алады. Тіпті, жемқор болу үшін бай болу маңызды емес, — дейді Баян Алагөзованың тұңғыш қызы.

“Ең жемқор емес деген университетіңіз де, ауруханалар да, мектеп те, тіпті полиция да дәл сондай күйде… Бізде барлық жерде сондай. Пара беру мен алу қалыпты жағдай. Қай салада болмасын, барлығы пара береді және пара алады. Себебі адамдар өзгерісті қалайтынын тек ауызбен айтқанды ұнатады. Ал бірақ ешкім өзінен бастағысы келмейді.

Содан өзгерісті өзімнен бастаймын! Иә, өз Отанымда ешқашан ешкімге пара бермеймін және пара алмаймын деп шешім қабылдадым.

Себебі мемлекет сенің өзіңнен басталады. Мемлекетті өз игіліңе пайдалану үшін қызмет етсеңіз, сіз барып тұрған “қоқыссыз”. Айтпақшы, “қоқыс” демекші, полицейлерден артық пара сұрайтын адамды көрмедім. Бұл туралы кейінірек…

Егер ұялатын іс жасамасаңыз, бұл жазбамды елемейсіз. Әрине, бірнеше мәрте адал заң қызметкеріне кезіккенімді жасырмаймын. Бірақ 100 полицейдің тек бірнешеуі пара алмайтыны, өкінішті”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Previous Белгілі журналист: Мен Мақпал Жүнісованың өзін әнші деп санамаймын
Next Серікбол Сайлаубек ұрығын қытайларға сатып жүргені рас па? (ВИДЕО)

Осыған ұқсас

Төреғалидің қысқа юбка туралы әні қыздарға ұнамай қалды

Алашқа ақындығымен танылған өнерпаз, ән әлеміне бет бұрғалы мәтінге мән беруді қойған сыңайлы. Той әндерінің жетегінде жүрген жігіттің соңғы синглы, тіпті, белден төмен түсіп кеткен. Бұл туралы НТК арнасының «Ревю»

Қазақстандық жұлдыздар жаңажылдық кешке қанша ақша алады?

Отандық жұлдыздар жаңажылдық мерекеде халықтың көңілін аулап, сахнада сайран салуға еш қарсы емес. Өнер иелерінің қалауын орындап, сұраған сомасын төлесеңіз, әртістер қуанышыңызға ортақтасып, бірге билеуге де әзір, -деп хабарлайды NUR.KZ. Қазақстандағы

Гүлзира Айдарбекова мен келінінің арасында не болған?

Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінін бес жылдай уақыт бұрын бөлек шығарған, деп жазады Today.kz. Бұл туралы Қайрат Нұртастың анасы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. «Жұлдыз 5-6 жыл бірге тұрды, қазір бес жылдай

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап