Қарағандылық шенеунік Елбасының емес, Бекетаевтың суретін іліп қойған

Қарағандылық шенеунік Елбасының емес, Бекетаевтың суретін іліп қойған

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев өз портретін кабинет есігінің жанына іліп қойған қарағандылық шенеуніктердің әрекетін құптамайтынын айтты.

Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлады.

“Әріптестерім портрет туралы маған айтты. Меніңше, ол дұрыс емес. Өйткені ол менің суретім ғой, қолдамаймын”, — деді министр.

Бекетаев өз портретін іліп қою туралы ешкімге тапсырма бермегенін айтты.

“Бұл менің бастамам емес. Ол басшыны танымаймын да. Интернетте тараған суреттерді көрдім, ұнаған жоқ”, — деді ол.

Шенеуніктерге қандай да бір шара қолданыла ма деген сауалға министр мырза “бастысы – жұмыс, бұған қадалып қалудың қажеті жоқ” деп қысқа қайырды.

“Тәртіптік, этикалық мәселелерді шешу министрдің мәселесі емес. Бұған жауапты хатшы бар. Ол тиісті тапсырманы беріп қойды”, — деп түйіндеді сөзін Бекетаев.

Естеріңізге салып өтсек, осыдан төрт-бес күн бұрын интернетте Қарағанды облысының әділет департаментінде ілініп тұрған министрдің портреті қызу талқыланған болатын. Суретті желіге журналистердің бірі жүктеп, фейсбуктегі парақшасында жазған.

Previous Серікбол Сайлаубек ұрығын қытайларға сатып жүргені рас па? (ВИДЕО)
Next Әйгілі италиялық әнші Димашты ғаламат дауыс иесі деп атады

Осыған ұқсас

МҰНДАЙ БІЛІМ МИНИСТРІ БОЛСА – ҰЛТҚА ЖАУДЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ!!!

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУДЕН ҰЛТТЫҢ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН АЛЫП ТАСТАП,  ОРНЫНА САЙҚЫМАЗАҚТАРДЫ  ҚОСЫПТЫ… Біздің  «Қазақ үні» ұлттық  порталында  кеше ғана  белгілі ғалым, филология ғылымы докторы, профессор Айгүл Ісмақованың   жоғары оқу орындарынан қазақ

Сайлаубек сайлаудан бас тартты

МС Сайлаубектің сайлауға түсуі туралы қауесет әртүрлі қоғамдық  пікір туғызып, ел-жұртты біраз дүрліктірді. Бұған байланысты рэпердің өзі мен продюсері де қандай шешім қабылдағанын жеткізді, деп жазады abai.kz. “Сайлаубектің атын атасы

Асылхан Төлепов депутат атанбақшы

Алматы мәслихаты депутаттығына «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалынан ұсынылған кандидаттар тізімі жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап