Әйгілі италиялық әнші Димашты ғаламат дауыс иесі деп атады

Әйгілі италиялық әнші Димашты ғаламат дауыс иесі деп атады

Италияның әлемге әйгілі опера және эстрада әншісі Алессандро Сафина Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті екенін жазды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Димаш Құдайберген… Оның дауысын тыңдап көріңіз. Осыдан кейін оның қаншалықты ғаламат екеніне көзіңіз жетеді», – деп жазған Алессандро Сафина Инстаграмдағы парақшасында Димаштың өткен жылы Қытайдағы «I am Singer» байқауында өнер көрсеткен видеоны бөліскен.

Айта кетсек, лирикалық тенор даусымен әлемді мойындатқан италиялық әншінің атағы 1990 жылдардан бастап шыға бастаған. 1889 жылы ол Кати Риччарелли атындағы Халықаралық вокалды байқауда алғашқы жүлдесін жеңіп алғаннан кейін опера әлеміне жарқ етіп шыққан.

Алессандро Сафинаның «Insieme a te» атты альбомы әлемнің 30 еліне таралып, Бразилия мен Тайваньда альбом атаулының «алтын» тұғырына көтерілген. Әлемнің түкпір-түкпірін шарлаған италялық әнші Қазақстанға да бірнеше рет келіп, өнер көрсетіп кеткен.

Previous Қарағандылық шенеунік Елбасының емес, Бекетаевтың суретін іліп қойған
Next Қайрат Әділгерей “Түнгі студияның” алғашқы эфирінде Төреғалиді масқаралады

Осыған ұқсас

Эстрада жұлдыздары фотошоптың көзімен

Әнін сүйіп тыңдайтын әншіңізді немесе киносын қызыға қарайтын актеріңізді басқа бейнеде көргіңіз келе ме? Бұл әрине, қызық. Алайда сіз оны көре аласыз. Назарларыңызға Нұрлан Егембергенов есімді азаматтың жасаған туындысын ұсынамыз.

«ХасСақ» тобы: Ұлттық музыкамызды насихаттаушылар көбейген сайын құны арта түседі

«ХасСақ» этно-фольклорлық ансамблі қазір көптің назарына түсіп, оқырман ықыласына бөленіп жүр. Топ өзінің ұлттық ерекшелігімен көрермен назарын бірден өзіне аудартты. Осы орайда ансамбль мүшесі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі,

Кастинг! Кастинг! Кастинг!

Режиссер Ақан Сатаев кезекті фильмін түсіруді қолға алды, деп хабарлады baistars.kz. «Районы» деп аталалатын жаңа туынды қай тақырыпқа арналатыны әзірге белгісіз. Сценарий авторы – Тимур Жақсылықов. Жоба «AstanaFilmFound» және «Sataifilm»

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап