Қайрат Әділгерей “Түнгі студияның” алғашқы эфирінде Төреғалиді масқаралады

Қайрат Әділгерей “Түнгі студияның” алғашқы эфирінде Төреғалиді масқаралады

Күні кеше көрермен көзайымына айналған “Түнгі студия” бағдарламасының жаңа маусымы басталды. Жоба тізгінін ұстаған Қайрат Әділгерей Нұрлан Қоянбаевтың орнын басып, алғашқы эфирін абыроймен өткізді. Желідегі пікірлерге зер салсақ, көрермендер Қайрат Әділгерейдің жүргізушілік қабілетін жоғары бағалап жатқандай.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сәкен Майғазиевтен сұхбат алған Қайрат Әділгерей бағдарлама барысында Төреғалидің шу болған концертіне қатысты әзіл айтты. Сәкеннің 7 наурызда өтетін концерті жайлы сөз қозғаған ол:

“Бұл шоколад концертіңізге сарттар, ой сарттар деппін ғой, қарттар келе ма?” – деп сұрады. Көрермендер де, қонаққа келген Сәкен Майғазиев те Әділгерейдің астарлы қалжыңына күліп жіберді.

“Бұл сөз өзекті болған соң аузыма түсіп кетіп жатыр, кешіріңіздер, шатасып жатырмын. Қарттар дегім келді”, – деп ақталды тележүргізуші.

“Әрине, келеді. Қарттар да келеді. Ұлтқа да бөлмейміз. Ала шапан, айыр қалпақ ағайындар да келуі мүмкін”, – деп жауап берді Сәкен.

Естеріңізде болса, 2017 жылдың желтоқсан айында Төреғали павлодарлық азаматқа дөрекілік танытып, “сарт” деген сөзді қарияға қаратып айтқан еді.

Previous Әйгілі италиялық әнші Димашты ғаламат дауыс иесі деп атады
Next Баян Алагөзованың қыздығын алған кім? (ВИДЕО)

Осыған ұқсас

Марқұм анасын еске алған Бейбіт Қорған тыңдармандарын жылатты (видео)

Танымал әнші Бейбіт Қорған марқұм болған анасын еске алып, тыңдармандарын жылатты деп хабарлайды NUR.KZ. «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Әйел бақыты» бағдарламасында Бейбіт Қорған анасын еске алды. «Анадан артық кім бар? Анаң өмірден

Аша Матай: Менің қазіргі басты жобам – күйеуім (фото/видео)

Жүрегі де, өзі де жас, үнемі күлімсіреп жүретін Аша Матай бүгінде елімізге танымал тележүргізуші, өзіндік көрермендері бар актриса, ибалы келін, сүйікті жар. Аша Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында отбасылық өміріндегі жаңалықтарымен

Гүлшарат Жұбаева: «Келін» фильміндегі рөлім үшін жұрт мені әлі де масқаралайды

“Келін” фильмі арқылы танылған талантты актриса Гүлшарат Жұбаева кино өнерімен қатар тігіншілік қабілетін де үнемі шыңдап, жаңа туындылар жасауда. Сондай-ақ, “Іңкәр жүрек” көпсериялы мелодрамасына да түсіп жатыр. Бұл туралы el.kz хабарлайды.

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап