Ақтөбелік жігіт “Алло” хитінің авторына зорланғанын айтып, сұмдық жайттың бетін ашты

Ақтөбелік жігіт “Алло” хитінің авторына зорланғанын айтып, сұмдық жайттың бетін ашты

28 жастағы Шалқар қаласының тумасы ер адамға зорланғанын айтып, сұмдық жайттың бетін ашты. Ол мінезінің жуас екенін алға тартып, соның салдарынан ер азаматтарға “жемтік” болып келгенін мәлімдеді. Өзін Қыдырбай Сүйінов деп таныстырған азамат “Алло” хитінің авторы, сазгер Құрал Молжановты өзіне зорлық көрсетті деп айыптады.

Қыдырбай Сүйінов бастан өткен хикаясын желідегі “Үшбу хат” парақшасына жолдаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Мен ер баламын, 1997 жылы елге көшіп келген оралманмын. Айтайын дегенім, мені 7-сыныпта зорлады. Жарайды, мен өзім жуас, қыз сияқтымын. Мені одан кейін де зорлайтындар көбейді”, – деген жігіт өзіне бірнеше мәрте қол салмақ болғанын да жасырмай айтты.

newtimes.kz-ке берген сұхбатында Қыдырбай Сүйінов белгілі композитор Құрал Молжановты өзіне зорлық көрсетті деп айыптаған.

“Ол кезде Құрал туыстарымен бірге вокзал жанында отын сатумен айналысатын. Алғашқыда екеуміз жақсы араласатынбыз. Екеуміздің жасымыз да шамалас. Бірақ кейін ол пышақпен қоқан-лоққы көрсетіп, мені зорлады. Ақырында онымен үш жыл бойы кездесіп жүруге мәжбүр болдым. Себебі ол мені ұрып-соғып, доқ көрсететін”, – деп еске алады ол.

Ал Құрал Молжановтың өзі аталған жайттың болғанын жоққа шығарды.

“Ондай болған емес. Есімде, бала кезімізде қатарластарым Қыдырбайды ұстап алып, мазақ қылатын. Бірнәрселер айтқызып, тіпті стриптиз билеуге мәжбүрлейтін. Мен өзім намаз оқимын. Дәл қазір осы нәрсені ауызға да ала алмаймын, жаңа ғана жұма намаздан шықтым.

Өзім таңғалып тұрмын. Мүмкін оны әлдебіреулер ұстап алып, сіздерге қоңырау шалуға мәжбүрлеген шығар?! Бұрын ауылда жігіттер солай жасайтын. Бұрын жігіттер оны ұстап алып, көшеде билеткізіп, камераға түсіретін. Мүмкін осы жолы да солай шығар? Маған оның номерін беріңіздер, ақ-қарасын анықтайын. Мына әңгіме мені ашуландырып отыр. Мен, міне үш жылдан бері Алматыда тұратын адаммын”, – деп жауап берді ол.

Previous Жартылай жалаңаш суретке түскен Баянның қызын жұрт тағы сынға алды (ФОТО)
Next Иманбаева: Сәбитпен бірге тұрмағаннан кейін Алтынаймен не үшін араласуым керек

Осыған ұқсас

Қызбен сүйіскен отандық танымал әнші қыз сынның астында қалды (фото)

Елімізге танымал әнші әрі тележүргізуші Луина болашақ сәбиінің КВН ойыншысына ұқсағанын қалайтынын айтты. Мұнымен қатар, әнші қызбен сүйіскен суретіне бола сын астында қалды. Фото: instagram.com/luinaofficial/ Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды. Күні кеше

Қазақстанда сұлулар сайысын Ресейде қыздар сатып сотталған азғын өткізуде…

Кеше Керекуден досым «Ресейде қыздарды сатып, бес жылға сотталған Дмитрий Еременко деген аттышулы шоумен қыздар сайысын өткізді» деп хабарласты. Содан қолыма қалам алып болған жәйт туралы кеңірек жазуды ұйғардым.

Актер Робин Уильямс дүниеден озды

Америкалық комедиялық актер және продюсер Робин Уильямс қайтыс болды. Бұл туралы mk.ru басылымы хабарлайды. Полицияның хабарлауынша, Уильямстың мәйіті 12 тамыз күні Калифорнияның Тибрун қаласы, Марин ауданындағы үйінде табылған. Актер 64 жасында өмірден

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап