Иманбаева: Сәбитпен бірге тұрмағаннан кейін Алтынаймен не үшін араласуым керек

Иманбаева: Сәбитпен бірге тұрмағаннан кейін Алтынаймен не үшін араласуым керек

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева жеке өмірі мен отбасылық жағдайына байланысты «Бақытты әйел» бағдарламасында ашық сұхбат берді, – деп хабарлайды stan.kz.

Әңгіме барысында өнер иесі кезінде «Айтылмаған әңгіме» бағдарламасының продюсері болған Мақпал Қаратайға ренжіген кездерін де жасырмады. Себебі, әнші сол бағдарламада бұрын соңды айтпаған, өзі 35 жыл бойына көрмеген әкесі жайлы бар шындықты айтып берген еді.

«Мен сол кезінде Алтынаймен таңды-таңға ұрып  гастрольдің кезінде әңгімелесетін, сырласқан кездерді сағындым. Мен үнемі оның тілекшісімін. Тағдыр деген бар, басымнан талай дүние өтті. Оған тек әйел бақытын тілеймін.

Мен баяғыдан айтамын Алтынаймен дос емеспін. Бір бағдарламада Алтынай «Ия біз құрбымыз» деп бастағанда бірден тоқтаттым. Біз құрбы емеспіз, әріптеспіз. Менің биігім бөлек, оның биігі бөлек. Біз кезінде аралассақ Сәбит екеуі тұрғандықтан. Балалар бір-бірімен жақын аралассын дедік. Қазір де балалар бір –бірімен жау емес.

Мысалы, балалардың санасына екі жақтап, қаны бір ,бауыры екеніндерін санасына құйып отырамыз. Олар қазір бөлек кеткен кезде онымен не үшін араласуымыз керек? Сол себепті жолымыз әртүрлі. Бір концертте кездесіп қалдық жақында. Сол кезде залда отырған  анама гүл беріп жіберді. Өмірде шоу жасаудың керегі жоқ деп ойлаймын»,-дейді Айгүл Иманбаева.

«Мен барымша шынайы өмір сүргім келеді. Шоу-бизнес,эстрададағы, театрдағы әріптестерім болсын, өнердіңбар саласындағы әріптестерімнің тілекшісімін. Олардың қуанышына қуана аламын. Мұңайса көңілім түседі. Себебі, біз әйелміз, нәзікпіз.

Олармен бір кемедегі адамдармыз. Олардың бірі шалыс басып құлап жатса, мен оған қуана алмаймын. Ертең ол өзімде болуы мүмкін. Әріптесімнің басында қайғы болса мен оны қолдаймын. Қолдан келсе демеп, көмектесемін.

Курстастарыммен жақын әріптеспін. Сондықтан тығыз араласамын. Әншілермен тек концерттерде кездесіп жатамыз, амандығымыз, саулығымыз түзу. Олардың арасында шынайы достық жоқ. Олармен бәсекелеспіз. Әр әншінің ұйқысы тыныш емес.

Себебі, анау не істеп жатыр екен, мынау не істеп жатыр екен деген ой бар. Біреу жақсы ән жазса «мен не істеп отырмын» деген сұрақ туады. Менің де ұйқым тыныш емес. «Мына қыз былай істепті, қой әнімді жазайын. Жақсылап арықтап алыпты. Мен неге жайылып отырмын» деп өзімді қамшылай түсемін. Бұл саналы тұрғыдағы бәсекелестік. Азамат Сатыбалды театр ашты.

Енді бір-бірімізге сен Алматыға келме сен астанаға келмеші деп отырамыз. Азаматтың театры іске қосылғалы ізденісім күшейді. Бұл заңдылық. Сол себепті мен әріптестеріммен сорпамды онша араластыра бермеймін. Шынайы достарым саусақпен санарлық.»,-дейді әнші.

Previous Ақтөбелік жігіт “Алло” хитінің авторына зорланғанын айтып, сұмдық жайттың бетін ашты
Next «Қыздар, клубқа бармаңдар!». Әбдіжаппар Әлқожаның бейнебаяны желіні шулатты (видео)

Осыған ұқсас

Шынар ЖАНЫСБЕКОВА, актриса: Ажалдың күлкісін іздеп жүрмін

Шынар Жанысбекованы іздеп, М.Әуезов атындағы драма театрға келгем. Іздеген актрисам алдымнан шықты. Дайындықтан шыққан беті екен. Біртүрлі образда. Киінгені де. Дауысы да. Алғашында түсінбедім. Еріксіз жымидым. «Ой, мән берме, бір

Мақпал ЖҮНІСОВА: Кең байтақ қазақ жерінде қазақтарға жер жетпей жатқандығы қатты алаңдатады…

   Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Мақпал Жүнісованың өнер жолында жүргеніне биыл 35 жыл. Осыған орай өнер иесі еліміздің бірқатар қалаларын аралап, өзінің жеке ән кешін өткізіпүлгерді. Қазіргі

«Келін» фильмінің актрисасы төсек сахналарына қалай түскенін елге жайып салды

Атышулы «Келін» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Гүлшарат Джубаева фильмді түсірген Ермек Тұрсыновты «өтірік айтты» деп айыптап отыр. Бұл туралы ол 31-арнадағы «Ұят емес» бағдарламасында айтты. Актриса Гүлшарат Джубаева бүкіл

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап