Баян Алагөзова не себептен қазақ тілінде сөйлемейтінін айтты

Баян Алагөзова не себептен қазақ тілінде сөйлемейтінін айтты

Шымкентте «Сиситай» фильмінің тұсаукесерінде Баян Алагөзова неліктен ана тілінде сөйлемейтіні туралы айтты.

Бұл туралы Otyrar.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы жұбайымен бақытты екенін жеткізіп, оның қандай күйеу екенін айтты.

«Той қарапайым түрде өтті, ал күйеуім үнемі жанымда. Шымкентке келетін кезде оған менімен баруын өтіндім, ол сөзімді жерге тастамады. Жұмысының көп болғанына қарамастан, менімен баруға келісті. Бақыттымын»,-деді Баян Алагөзова.

Екінші күйеуімен бақытқа кенелген продюсер қоғамда өзіне қатысты айтылып жүрген сындарға қатысты жауап берді.

«Мен туралы айтылған жағымсыз пікірлерге бас қатырмаймын. «Елімізді ұятқа қалдырды» деген сөздеріне де мән бермеймін. Бастысы елімді, отанымды жақсы көремін және оған зиянымды тигізіп жатқан жоқпын. Мен осыған дейін де айтқанмын, және тағы қайталаймын: маған қатысты айтылған пікірлерге бола жүйкемді жұқартпаймын»,-деп жауап берді продюсер.

Сонымен қатар, Баян Алагөзова жәй ғана бақытты болғысы келген қарапайым әйел екенін айтты. Бірақ, ешқашан шымкенттік жігітке тұрмысқа шыққысы келмегенін жеткізді. Ол өзіне енді  той өткізбеймін деп, уәде берген екен. Баян Мақсатқызы Шымкент қаласында өткен «Сиситай» фильмінің тұсаукесерінде не себептен қазақша сөйлемейтінін түсіндірді.

«Мен ана тілімді білемін, тек маған орысша сөйлеген ыңғайлы. Себебі, мен оңтүстікте тәрбиеленген жоқпын. Дегенмен, елімнің патриотымын, егер сіз «елін сүймейді» деп ойласаңыз қателесесіз. Сіз білесіз бе, егер маған басқа елге баруды ұсынса, мен кетпес едім. Тек елден күштеп қуып шықпаса, мен туған жерімді тастамаймын. Бірақ мені қуып шыққысы келетіндер бар, мен оған сенімдімін»,-деді Баян  Алагөзова.

Әңгімелесу барысында Баян өзінің жанкүйерлеріне қолтаңба берді, бірақ көзіндегі зақымға байланысты олармен бірге суретке түсуден бас тартты.

Previous «Қыздар, клубқа бармаңдар!». Әбдіжаппар Әлқожаның бейнебаяны желіні шулатты (видео)
Next Ер адамның жыныс мүшесімен ойнаған Айжан Байзақова елдің ашуын келтірді (видео)

Осыған ұқсас

«АҚЖҮНІСТІ» ҚАЙТАРАЙЫҚ!

Әлемде қанша адам болса, сонша тұтынушы болады екен. Тұтынушы – ол барлық адамзат баласына тән ортақ белгілерге ие. «Адам-тұтынушы» десекте, «тұтынушы-адам» десекте қателеспейміз. Мысалы, адам болып туылып, азаматтығы болмауы мүмкін,

Молданазардың жаңа бейнебаянына жүрегі елжіреген жұрт аналарына телефон соға бастады

Қазақстандық музыкант Ғалымжан Молданазар «Өзің ғана» деп аталатын махаббат туралы жаңа әнін шығарды. Жан тебірентер бейнебаян таяуда Желіде пайда болып, қазақстандықтарды тәнті етті, тіпті кейбір қолданушылар бейнебаянды көргеннен кейін қолына телефон алып,

Қазақстандықтар Бақытбек Есентаевты босату туралы петицияға қол жинап жатыр

Қазақстандықтар бірнеше күннен бері Бақытбек Есентаевты түрмеден босату немесе оның жазасын жеңілдету туралы онлайн петицияға қол қойып жатыр. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Арай Кәрібаева есімді желі қолданушысы барша қазақстандықты Бақытбек

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап