Жұбаныш Жексенұлы Қайрат Нұртасты сыртымнан өсек айтты деп сөкті

Жұбаныш Жексенұлы Қайрат Нұртасты сыртымнан өсек айтты деп сөкті

Танымал қазақ әншісі Жұбаныш Жексенұлы өзінің өнердегі інісі Қайрат Нұртас деген ренішін жасыра алмады. Бұл туралы ол «Жұлдыз ТВ» телеарнасына берген сұқбатында айтты.

Жұбаныштың айтуынша, ол Қайратқа ағалық ақылын айтып, әндерінің сөзін түзеуге бет бұруы керек екенін айтқан. Жөн сілтеген өнердегі ағасының сөзін дұрыс түсінбеген Қайрат оған аса құлақ аса қоймаған.

«Мысалы Қайрат Нұртасқа халықтың осындай махаббатын пайдаланып, әндеріңінің сөзін түзе дедім. Қадыр Мырзалиевтің, Ақұштап Бақтыгереваның сөзіне жаздыр. Күшті емес пе? Осылай ақылымды айттым. Ол ақылымды Қайрат тыңдады ма, тыңдамады ма, білмеймін», — дейді ол.

«…Одан кейін тағы бірдеңені айтып жүр.

«Қарақалпақтан келген біреудің қаңсығы біреуге таңсық» деген сияқты бірдеңені айтты», — деген ол Қайрат оның ақылын дұрыс түсінбеген деп топшылады.

«Сен неге өйтесің дедім.

Осылай ақыл айтсаң, олар көре алмайды деп ойлап, одан кейін сыртыңнан әңгіме айтып, жау қып жүреді.

Енді сыртыңнан айтылған әңгіме болғасын естисің ғой, бәрібір.

Сосын, ана «Ауырмайды жүрек» деген әні бар ғой. Ол 100 пайыз хит болатын ән. Оны Қайрат Нұртас айтса да, басқа айтса да, кім айтса да хит болатын ән. Материалдың өзі сондай», — деп түйіндеді сөзін өнердегі інілеріне өкпелі Жұбаныш Жексенұлы.

Дереккөз: NUR.KZ

Previous Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың өзіне қамқоршы болып келгенін жасырмады
Next Прагада полицейдің қолына түскен Баян Алагөзованы Головкин құтқарып қалды (ВИДЕО)

Осыған ұқсас

АЙҚЫН АСЫЛЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

«Superstar KZ», «Жаңа толқын – 2006» байқауларында табысты өнер көрсетіп, көпшіліктің көзайымына айналған жас әнші Айқын Төлепберген «Асылым» атты жаңа жинағын жарыққа шығарды. Альбомның тұсаукесер рәсіміне өнердегі әріптестері мен жақын

Дильназ Ахмадиеваның жұмбағы. Кім шеше алады?

Ділназ Ахмадиева 2011 жылы тұрмысқа шығатыны туралы айтқан кезде, жұрт қуанышын бөлісіп, отырған қыздың орнын тапқаны туралы айтты. Бұдан кейін арада төрт жыл өткен соң жұлдыз жұбайымен ажырасатындығы туралы хабарлаған

Баян Есентаева Қайрат Нұртасты “мойындайтынын” жеткізді

Танымал тележүргізуші әрі продюсер Баян Есентаева көпшілікпен кездесіп, өз ойларымен бөлісті. Бұл туралы BusinessNews.kz сайтына сілтеме жасап baistars.kz хабарлайды. Түрлі сұрақтарға жауап берген Есентаева жетістікке жету үшін жылдар бойы еңбектенгенін

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап