Еркексің бе, жоқ па? Алтынай Жорабаева бұрынғы күйеуіне ызалы

Еркексің бе, жоқ па? Алтынай Жорабаева бұрынғы күйеуіне ызалы

Алтынай Жорабаева шаңырағының шайқалғандығы жайлы қымсынбай айта беретін болған. Осы жолы да айтты.

Ажырасқанына үш жыл болғаннан соң бірақ халыққа айтқан Жорабаева бүгінде қыздарының әкесі балаларымен қауыша бермейтіндігін айтты НТК арнасына берген сұқбатында.

“Қыздарға уже бір жылдан асады көрмегендеріне. Келіп, хабарласып, өздері бір жаққа барамыз деп тұрса, мен ешқашан қарсы болған емеспін. Керісінше, біз өзіміз қайта-қайта іздемейміз ғой. Олар өздері келіп іздемесе, қалай?

Ер адам емес пе? Мен қыздарды көшеден тауып алған жоқпын”, – дейді Алтынай Жорабаева.

Отбасылық проблемасын дүйім жұртқа жариялағысы келмеген Алтынай үш жыл осы сырмен шыдап келгендігін айтады.

«Мен оның барлығын айтпауыма да болатын еді. Өйткені, көп адам сол сұраққа келе бергеннен кейін «Иә, ажырасқаным рас!», – деп айттым да енді. Өйткені, үш жылға жақындап қалды. Мен оны басталғанда айтсам, баяғыда білетін еді”, – дейді Алтынай.

Іштей Сәбитке деген ашуы бар болғанымен, сырттай жаман қылықтарын жария етпеуге тырысады әнші. Өйткені: “Қыздарымның әкесі ғой қандай болса да, аман болсын! Ол да үлкен қызметте жасап отыр, жұмыс істеп отыр. Оның қызметіне зиянымыз тимеу керек бір жағынан”, – дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында әйгілі әнші Алтынай Жорабаева төрт баласының әкесі Сәбит Әбдіқалықовпен ажырасқандығын мәлімдеген болатын. Қазірде Әбдіқалықов Алматыда, ал Жорабаева Астана қаласында тұрып жатыр.

Дереккөз: 365info.kz

Previous МАСҚАРА! Атышулы Жан Ахмадиев жезөкшені емес, өз әйелін сабаған болып шықты
Next Желіде Мұхтар Шаханов жас келіншекпен көңілдес деген әңгіме тарады

Осыған ұқсас

Гүлзира Айдарбекова: Ұлдарымызды салыстырып жұртқа масқара болмайық

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергеновты өзара салыстырып жүріп күлкіге қалмауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Күні кеше Бибігүл Төлегенова Қайрат Нұртасты жерге, Димаш Құдайбергеновты көкке теңеп жұртты шулатқан

Төреғали Төреәлі: Мыңымыз жүріп, неге қазақтың баласына шетелдің әншісін тыңдатуымыз керек?!

Жуырда Өскеменге «Аялы алақан» атты қайырымдылық концертімен «МұзАрт» ансамблімен қатар жас әнші Төреғали Төрәлі келген болатын. Сол кезде айтыскер ақын әрі әнші Төреғали Төрәлімен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

Сәбит Әбдіхалықов: Мен елге «отчет» беретін ақымақ емеспін

Соңғы бір-екі айдан бері қазақ эстрадасында өзіндік орны бар Алтынай Жорабаева мен оның жұбайы, белгілі актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың ажырасып кеткені туралы әңгіме желдей есуде. Бұған Алтынайдың таяуда ғана төрт

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап