Танымал ресейлік әнші қазақ күйеуінен қалай таяқ жегенін айтып берді (видео)

Танымал ресейлік әнші қазақ күйеуінен қалай таяқ жегенін айтып берді (видео)

Танымал әнші Наргиз Закирова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын ашық айтты. Күйеуінен таяқ жеп, ақырында ауруханадан бір-ақ шыққан өнер иесі сол оқиғадан кейін ажырасу керектігін түсінген.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жуырда Наргиз Закирова «Нелюбовь» әніне бейнебаян түсірді.Бұл орайда түсірілімге қатысқан әйелдер бастан өткерген оқиғаларын айтып берді. Олардың әрқайсысы жақындарының тарапынан қатігездікке ұшырағанын ашық айтқан. Мұндай оқиға Наргиздің өз басынан да өткен.

Ол екінші күйеуі Ернұр Қанайбековтен соққы жегенін ашып айтты.

«Өкінішке қарай, екінші некем басынан-ақ дұрыс болмады. Соны түсіне тұра, күйеуімді өзгерте аламын деп үміттендім. Жүкті кезімде, күйеуім мені қатты итеріп жіберіп, мен қабырғаға басымды ұрып алдым.

Одан кейінгісі бұдан да асып түсті. Америкаға қоныс аударған соң, сұмдық жайттар орын алды. Себебі болмашы нәрсе ғана. Мен ол кезде мейрамханада жұмыс істейтінмін. Күйеуімнің елінен қонақтар келді. Ол дастарханға достарымен бірге отыруымды өтінді. Бірақ мен бас тарттым. Сол жерде жұмыс істегендіктен, клиентпен бірге отыру маған тыйым салынған. Ол үндемеді. Жұмысым аяқталған соң екеуміз таксиге отырып, үйге қайттық. Бір кезде ол кері бұрылып, жағымнан бір-ақ ұрды. Мен құлап түстім, ал ол мені тебе бастады. Орнымнан тұрғанда аузымды жаба алмайтынымды түсіндім. Ал ол достарының алдында намысын аяқ асты еткенім үшін мені ұрып-соққанын мәлімдеді», – деп түсіндірді әнші.

Бұдан кейін Наргиз жағын тексертуге ауруханаға барғанын айтады. Емханадан шыққаннан кейін күйеуі одан тізерлеп тұрып кешірім сұрағанымен, әнші онымен ажырасуға нақты шешім қабылдайды. Әнші ұрып жатқан сәтте күйеуімнің қандай көзқараспен қарағанын еш ұмыта алмаймын, деп отыр.

«Шайтанның өзі сияқты көрінді», – дейді әртіс.

Закирова қазақстандық продюсер, өзінің екінші күйеуі Ернұр Қанайбековпен музыкалық іс-шаралардың бірінде танысқан. Ол шақта продюсер «Азия дауысы» байқауына іріктеу кезінде Ташкентке келген екен. Ерлі-зайыптылар бірлесіп АҚШ-қа қоныс аударған. Ал араға үш жыл салып Ернұр жол апатында қаза тапты. Суыт хабар келгенде жұптың ортақ ұлы Ауэль 2,5 жаста еді.

Айта кетейік, Наргиз 2013 жылы америкалық X-Factor байқауына қатысқан болатын. Алайда финалдық көрсетілімге аз қалғанда әнші америкалық телевидениеге шығу ойынан айнып, ресейлік “Голос” шоуына қатысуға бел буды. Кейіннен Закирова АҚШ продюсерлерінен ұсынысты күтіп шаршағанын, сол себепті кетіп қалғанын айтты. Айтуынша, хабарласуға уәде берген продюсерлер сол күйі ізім-ғайып жоқ болып кеткен. Алайда дәл осы жағдай өнер иесінің тағдырын түбегейлі өзгерткен. Ол жоба қатысушысы ғана атанып қоймай, әділ-қазыларды вокалдық қабілетімен және энергетикасымен таңғалдырған.

Previous Желіде Мұхтар Шаханов жас келіншекпен көңілдес деген әңгіме тарады
Next Жазира мен Жанболаттың ажырасатыны рас па? - БАҚ

Осыған ұқсас

Мақпал ЖҮНІСОВА: Кең байтақ қазақ жерінде қазақтарға жер жетпей жатқандығы қатты алаңдатады…

   Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Мақпал Жүнісованың өнер жолында жүргеніне биыл 35 жыл. Осыған орай өнер иесі еліміздің бірқатар қалаларын аралап, өзінің жеке ән кешін өткізіпүлгерді. Қазіргі

Гүлзира Айдарбекова келіні туралы бар шындықты айтып берді

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова  Жұлдыз Абдукаримова есімді келінінің барын ақыры айтты. Қайраттай әншінің актрисалық мамандықты алған жары алдағы уақытта  жарық жұлдыздардың біріне айналуы әбден мүмкін. Себебі Айдарбекова келінінің арманын қолға

АҚШ-тағы гей-парадқа қатысқан қыз өзін «Бораттың жерлесімін» деп таныстырды (видео)

Кеше АҚШ-та өткен гей-парадқа Қазақстан азаматтары қатысып, еліміздің туын алып шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз. Осыдан соң, желіде Қазақстан туын көтерген бойжеткеннің шағын сұхбаты жазылған видео тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап