Жазира мен Жанболаттың ажырасатыны рас па? – БАҚ
05.04.2018 1 пікір 3700 қаралды

Жазира мен Жанболаттың ажырасатыны рас па? – БАҚ

Танымал әнші Жазира Байырбекова өзінің күйеуі Жанболаттан таяқ жегенін жасырмай айтты деп хабарлайды janalikhtar.net.

Бағдарламада желі қолданушыларынан келген бірнеше сұрақ қойылды. Соның бірі күйеуінен таяқ жегені-жемегені туралы сұрақ болды.

Бұл сұраққа Жазира еш тосылмастан: «Иә, таяқ жедім, бірақ көп емес», – деп өзінің Жанболаттан таяқ жегенін жасырмады.

«Сонда сіз таяққа лайық болдыңыз ба?», – деген бағдарлама жүргізушісінің сұрағына да қымсынбастан өзінің кінәсінен екенін мойындады.

«Қарсы сөйлеймін деп таяқ жедім, тілімнен таптым. Қазір ажырасулар өте көп. Бір ұрғаны үшін құрбысына айтып, ол оған кеңес беріп, бір ұрған еркек ұра береді деп ажырасып жататындар өте көп. Отбасы болған соң бәрі болады ғой», – деген ол мұндай жайттарды кейінгі буын келіншектерге үлгі болу үшін айтып отырғанын айтады.

«Таяққа көніп жүре беріңдер демеймін», -деген Жазира анда-санда күйеуінің қол көтергеніне отбасын бұзудың қажеті жоқ деп санайды.

Сонымен бірге, ол Жанболаттың да мәңгі сүйіктісі болу-болмауы бір Алланың еншісінде дегенді айтты. Тоқал алуға қарсы болса да, ол бұл өмірде бәрі мүмкін екенін жеткізді.

«Тоқал алуға келіскім келмейді. Қарсымын. Алладан тілейтінім ондай жағдайға жеткізбесе екен», – деді жан сырымен бөліскен әнші.

Оның айтуынша, ондай ой екі ай бойы белгісіз аурумен ауырғаннан кейін келген екен.

Мақаланың түпнұсқадағы тақырыбы: 

Previous Танымал ресейлік әнші қазақ күйеуінен қалай таяқ жегенін айтып берді (видео)
Next ШОК! Роза Рымбаева адам танымастай өзгеріп кетті (ФОТО)

Осыған ұқсас

Несиесін өтей алмай жүрген Сәкен Майғазиев халықты несиеге жоламауға шақырды

“МузАРТ” тобының әншісі Сәкен Майғазиев Өскеменге гастрольдік сапары барысында “Дидар” газетіне сұхбат беріп, өз өміріндегі жаңалықтармен бөлісті. Әнші басында несиесі бар екенін де жасырмаған, – деп хабарлайды baq.kz. “Қазіргі заманда мойнында

«91» тобын қорғаймын деген Асыл Беделхан қазақтарды «өресіздер» деп тіл тигізді

Бұрындары «Дауыс International» тобының әншісі болған, бүгінде талантты музыкант Ерболат Беделханның келіншегі, екі баланың анасы Асыл ханым не дейді? Оның «Бейсенбідегі бетпе-бетте» айтқан сырына зер салыңыз деп жазады Abai.kz. –

Ернар Айдар: Киімді “барахолкадан” да ала беремін

Еліміздегі танымал “хитмендердің” бірі Ернар Айдар өнерімен ғана емес, өзіндік киіну стилімен дараланады. Ол сахналық костюмдерін арнайы тапсырыспен тіктіреді. Ал күнделікті киетін киімдерін қарапайым дүкендерден, тіпті, базардан ала береді. Бұл

1 пікір жазылды

Жауап