Тәуекел Мүсілім Қайрат Нұртасқа қатысты бар шындықты жайып салды

Тәуекел Мүсілім Қайрат Нұртасқа қатысты бар шындықты жайып салды

Бүгінде, Қайрат Нұртас Қазақстанның ең танымал әншісі атанғанымен, кезінде кейбір қатарластары талантына күмәнмен қараған екен. Тіпті оның сабақ үлгерімі де көңіл қуантарлықтай болмаған деседі. Осы уақытқа дейінгі хитменнің ашылмаған кей сырларын, сыныптасы Тәуекел Мүсілім бүкпесіз баяндап берді.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Қайрат Нұртас, Тәуекел Мүсілім, Бауыржан Сатов және футболшы Жамбыл Көкеев – сыныптастар! Бір мектепте білім алған жігіттерді, бүгінде жұрт жақсы таниды. Бірақ, оқушы кезінде бала Қайраттың атақты әнші болатыны қатарластарының үш ұйықтаса түсіне де кірмеген.

“Қайрат ән айтып жүрген кезде мен аса бір, былай айтатын болсақ тек әнші ретінде қабылдамайтынмын. Баласың ол кезде. Және де әр мереке сайын ән айта берген соң, жалығып кетесің. Ал, былайша қазір енді барлық әндері ұнайды”, – дейді Тәуекел.

Тәуекелдің сөзінше, Қайрат Нұртас озат оқушылардың да тізімінде болмаған.

“Жақсы оқыды деп айтпаймын. Әйтеуір орта деңгейдегі оқушы болды. Арасында төбелесіп те жүрдік. Бұзық та болатынбыз. Арасында футбол да ойнаймыз. Сондай оқушы болған ол!” – дейді Тәуекел.

Ал, Анар Батырхан колледж қабырғасында Төреғали, Асылхан, Аян, Алтынай Жолдыбаева сынды танымалдармен бір топта оқыған. Бүгінде, барлығы отандық шоу-бизнестің қазанында қайнап жүргенімен, актрисаның жанына жақыны – кіші Төлепов.

“Себебі, біз Асылхан екеуміз бірінші сыныптан бастап бірге өстік. Бізді барлығы апалы-сіңілілер, егіздер деп айтатын. Біз өнер академиясына түспей тұрып, мектепте «Асыл мұра» театрына барып, актер болуды армандаған болатынбыз”, – дейді Анар.

Оқушы кезін дарынды балаларға арналған мектепте өткізген Рүстем Нұржігіттің де талантты әрі танымал сыныптастары бар!

“Ақбота Керімбековамен бірге оқыдық. Өзі бір ер мінезді, жылдам болатын. Ешқашан, бір анау-мынау қалжыңды көтере алмайтын. Бір айтса соны орындау керек те. Сондай ер мінезді”, – дейді Рүстем Нұржігіт.

Сондай-ақ, айнымас құрбылар Динара Сұлтан мен Мөлдір Әуелбекова да төрт жыл бойы Өнер Академиясында бір топта білім алған.

Previous Ұлын аузымен тамақтандырған Қайрат Нұртас желіде қызу талқыға түсті (видео)
Next Ерке Есмахан елдің көзінше Мейрамбек Беспаевты сүйетінін айтып, сөзге қалды (ВИДЕО)

Осыған ұқсас

“Қазақстан Барысы” мысықтілеу саясаттың күресіне айналған ба?!.

Еліміздегі ұлттық спорт түрлерін дамыту саласындағы ең ірі жоба “Қазақстан Барысы” алғаш рет ұйымдастырылып, алғашқы турнирі өткен кезде, халықтың осы бір палуандар додасына деген құрметі ерекше еді. “Қазақстан Барысы” –

КешYOU тобына келген жаңа әнші кім?

Баян Есентаева КешYOU тобының жаңа құрамын таныстырды, деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.  Топқа Мөлдір Әуелбекованың орнына Жұлдыз Өмірғали есімді әнші қыз келген. 19 жастағы өнерпаз Тұрар Рысқұлов атындағы Техникалық университеттің студенті. Ол

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап