Ер адамға моншаға түсуге, ыстықтап, тоңуға болмайды: Динара Сұлтан ұлды болу үшін не істеу керек екенін түсіндіріп берді

Ер адамға моншаға түсуге, ыстықтап, тоңуға болмайды: Динара Сұлтан ұлды болу үшін не істеу керек екенін түсіндіріп берді

Әнші Динара Сұлтан – бүгінде 3 қыз, 2 ұлдың анасы. Алайда қыздарына қарап өзін бақытты сезінетін әнші ұлды болу үшін көп тер төккен көрінеді. Ұлды болу жолдары туралы білгені де аз емес. Бұл туралы Динараның өзі айтып, келіншектерге ұлды болу жолдарын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Динара Сұлтан қыздарын дүниеге әкелгеннен кейін ұлды болуды қатты армандаған. Тіпті, үшінші қызы құрсағына біткенде, оның ұл екеніне сенімді болыпты. Алайда үшінші сәбиі де қыз болғаннан кейін, Динара ұлды болудың түрлі жолын қарастыра бастаған.

«Ұлды немесе қызды болу тек қана бір Жаратушының қолында ғой. Дегенмен, мен де әр әйел заты сияқты жарыма ұл бала сыйлайтын күнімді армандадым. «Арманда, арманда, арманға ұмтыл» деген әнімдегідей армандадым, дұғада болдым, шын ниетіммен сұрадым, тіледім…. Үшінші қызыма аяғым ауыр кезде, неге екенін білмеймін, мен 100% ұл болады деп ойладым. Бірақ, сезім алдамшы болған екен…

Үш қызыма қарап отырып, өзімді бақытты ана сезінетінмін. Қыз қашанда ата-анасына жақын ғой. Алыста жүрсе де, үнемі жақындарына қамқор болып жүретіні тағы бар… Бірақ ұлды болу жайлы үнемі ойланатынмын. Солай жүргенде 2 жыл өте шықты. Өзім әрекет жасап көргім келді. Сөйтіп, дәрігерге барып шамамен жақын арада ұл туылатын мезгілді санадық. Өкінішке қарай, алдымыздағы 5-6 ай тек қыз болатыны анықталды. Ал мен болсам, ішіме сыймай, қалайда ұл табам деп, неше түрлі жолдарын іздедім. Құрбылардан кеңес алдым,интернеттен мәліметтер қарадым дегендей. Соңында бірнеше тәсілдерін таптым», – деп жазады әнші Instagram-парақшасында.

Ұлды болу жолдарын тізіп берген әншінің айтуынша, сәбидің ұл не қыз болу ер адамға да байланысты. Тіпті, ұлды болуға ер адамның өзі де атсалысып, белгілі күндері моншаға түсуге, қатты ыстықтауға, қатты тоңуға болмайды екен.

«Әуелі ол тек әйелге ғана емес, еркекке де байланысты. Ер адам «бала жасайтын» күндері өзін күтініп жүру керек екен. Мысалы, моншаға түсуге, қатты ыстықтауға, қатты тоңуға болмайды. Ол күндері ішімдік ішуге тыйым салынады. Әрі бір ай бұрын арнайы дәрумен ішу керек.

Келесі әдіс – жеке «овуляция күнтізбесін» құрастыру. Бірақ, ең алдымен, етеккір келу аралығының ұзақтығы әрдайым тұрақты екендігіне (яғни әр етеккірдің келу аралығы кейбірінде 28, кейбірінде 30-34 күн) көз жеткізіп алу керек. Бұны анықтау үшін 2-3 айдай уақыт кетеді. Бұл кезеңде сіз жай күнтізбеңізде етеккіріңіздің басталған күні мен тоқтаған күнін белгілеп отырасыз. Бұл сізге болашақта жүкті болудың қолайлы күндерін дұрыс анықтауға көмектесіп қана қоймай, денсаулығыңыз туралы да хабардар етеді.

Үшінші әдіс – базальды температураны өлшеу арқылы овуляция күнін анықтау. Базальды температура шырышты қабықта өлшенеді – не ауыздың ішінен, не тік ішек арқылы (ең дұрысы). Бақылауды жүйелі түрде әрдайым жүргізген дұрыс: күнделікті 2-3 ай аралығында және тек бір уақытта – таңғы сағат 8-ге дейін, ұйқыдан оянған бетте төсектен тұрмай жатып.

Қызуөлшегіштің көрсеткіштері күнтізбеге жазылады. Бұл әдіс бойынша жүкті болуға қолайлы күндер төмендегідей анықталады: дені сау әйелдің овуляцияға дейін базальды температурасының көрсеткіші – 36,6-36,8°С, овуляция күні ол 37,2-37,4°С дейін көтерілуі мүмкін. Осы күн сізге керек күн, өткізіп алмаңыз.Осындай температура циклдың қай күніне келіп тұрғанына көз жеткізуіңіз керек, циклдің бірінші күні ол сіздің етеккірдің бірінші келген күнінен саналады. Демек, төртінші не бесінші күні етеккіріңіз бітсе, овуляция шамамен оныншы немесе он екінші,он үшінші күні. Санау керек, температура сізге көмекші. Оныншы күннен бастап температура өлшемін жазып жүріңіз, бірнеше ай.

Ал келесі әдіс xромосома туралы. Бұрыннан әкенің белінде жатқан шақтан тамыр алады екен. Жиырма үш жұп хромосома туралы бәріміз білеміз. Соңғы жиырма үшінші жұп не ХХ (қыз), не ХҮ (ұл) болатыны да бәрімізге белгілі. Ол әр түрлі жұп хромосомалар тек еркектің ұрығында ғана болады. Әйелдің ұрығындағы хромосомалар ХХ және өзгермейді, яғни әйел қашанда қыз тууға дайын. Ал ұл табу үшін біраз тер төгу керек.

Мәселе мынада. Құрамында ХХ хромосомалары бар аталық ұрықтар баяу қозғалады, бірақ төзімді, қышқылдық ортаның агрессиясына төтеп бере алады. Ал ХҮ хромосомалары бар аталық ұрықтар, яғни, мархаббатты еркектер, шапшаң қозғалады, алайда, тек сілтілік ортада ғана тіршілік ете алады. Ал әйел қынабының қалыпты күйдегі ортасы — қышқылдық, ер балалар ол ортаға түсер-түспестен жантәсілім етіп жатады. Ал баяу қимылдайтын қыздар асықпай, саспай, жігіттердің өлі денелерін аттап-пұттап барып, өздеріне керекті межеге жетіп жатады. Міне, тағы да қыз. Сондықтан, овуляция өте маңызды! Осының барлық әдістерін бір уақытта қолдансаңыз Алланың қалауымен, мүмкін ұл тауып қаларсыз», – деп жазды әнші.  

Previous Қазақтың ақсақалы тойда жын ұрғандай билеген бойжеткенді балдағымен ұрып жіберді (ВИДЕО)
Next Тікелей эфирге келген Тұрсынбектің әйелі сынның астында қалды

Осыған ұқсас

Танымал отандық актрисаны бұрынғы күйеуі көзіме шөп салды деп айыптады

Отандық актриса Сая Оразғалиеваны бұрынғы күйеуі көзіме шөп салған дей айыптап, баласын басқа біреуден тапқан деп айыптаған. Бұл туралы КТК арнасының «Наша правда» бағдарламасында айтылды. Танымал актриса бітпес шудың ортасында

Ақтөбеліктер Ерке Есмаханның концертін «ауылбайский» деп сынап тастады

Ерке Есмахан аптаны туған жері Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында концерт қоюмен бастады. Ол өзі білім алған Ыбырай Алтынсарын мектебінде болып, кішкентайынан ән салған «Арай» мәдениет үйінде ауылдастарымен кездесті. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Мейрамбек Беспаев нені шексіз бақыт санайтынын айтып, ағынан жарылды

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев бұл өмірде нені шексіз бақыт санайтынын айтып, ағынан жарылды. Әнші өз желі парақшасында сәбидің күлкісіне жетер бақыт жоқтығын алға тартқан. «Баланың тәтті күлкісінен асқан бақыт жоқ

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап