Мойнына КРЕСТ тағып, ОРАЗА айында кешірім сұраған БАЯН АЛАГӨЗОВА елді шулатты (ФОТО)

Мойнына КРЕСТ тағып, ОРАЗА айында кешірім сұраған БАЯН АЛАГӨЗОВА елді шулатты (ФОТО)

Белгілі продюсер Баян Алагөзова Рамазан айының алғашқы күні өзі ренжіткен адамдардан кешірім сұрады. Алайда желі қолданушыларының кейбірі оның мойнындағы “крест” түріндегі алқасын бетіне басып, қатты сөкті. 

Бұл туралы kaz.365info.kz хабарлайды.

Ақыры араға продюсердің қайын атасы Тұрым Алагөзов араласып, келінін өзінше ақтап алуға тырысты. Бірақ ол кісі келтірген дәйек желі қолданушылардың ашуын одан әрмен қоздырып жіберді.

«Қасиетті айдың алдында сөзбен, әрекеттеріммен және ойыммен ренжітіп алған адамдардан кешірім сұраймын»,

– деп жазды продюсер Баян Алагөзова Instagram-дағы жеке парақшасында мына суретін жүктеп.

Желі қолданушылар продюсердің кешірімін қабыл алып, ниетінің түзулігіне ризашылық білдірді.

Ал кейбірі қасиетті Рамазан айы туралы жазба жазған продюсердің мойнына «крест» түріндегі алқа таққанын сынады. Оған продюсердің қайын атасы Тұрым Алагөзовтің өзі жауап берді.

«Мен сенімен мақтанамын, қызым. Христиандардың кресін Тәңірдің белгісінен ажырата алмайтындарды кешір. Еңсеңді тік ұстап, батыл қадам бас.

Адамдарды жақсы көріп, оларды сол қалпында қабылда. Біз екеуіміз және менің балаларым Байұлы руынан шыққанбыз. Сондықтан өзімізді өз істерімізбен қорғай аламыз.

Тек Рамазан айында емес, әркез өзіңді ренжіткен адамдарды кешір. Олар не істеп жүргендерін білмейді. Және мені, кәрі күнәһарды да кешір. Мен өз балаларымды жақсы көремін және көзім тірісінде оларды қорғаймын.

Сендер ұялатындай ештеңе жасаған жоқсыңдар.

Алла барлығына сендердей жұмыс жасауды жазсын», – деп жазды Тұрым Алагөзов.

Previous Әнші Бүркіт есекке мінемін деп жұрттан ұрыс естіді (ФОТО)
Next Пайғамбарымыздың көрпесінің қиындысын иіскеген Сәкен Майғазиев сахнадан жылап шығып кетті (ФОТО, ВИДЕО)

Осыған ұқсас

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатерлі ісікке шалдыққан әншіге қаржы жинап бермек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатерлі ісікке шалдыққан әнші Жанна Саттароваға көмек ретінде қайырымдылық концертін өткізбек. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасынан хабарлады.Концерт 11 қараша күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік

Шаһизадаға белгісіз біреулер қару кезеп, қастандық жасады

Күзде болатын жеке концертіне дайындалып жатқан әнші Шаһизадаға қастандық жасалыпты деп хабарлайды 31 арна. Әншінің айтуынша, белгісіз біреулер оның жақында өтетін шығармашылық кешіне кедергі жасап жүрген сыңайлы. Оқиға үйінің маңындағы

Мөлдір Әуелбекова көптен күткен тұңғышын дүниеге әкелді

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова көптен күткен тұңғышын дүниеге әкеліп, алғаш рет ана атанды. Бұл туралы оның өнердегі әріптесі, әнші Динара Қырықбаева инстаграмда хабарлап, желі қолданушыларынан сүйінші сұрады. «Мока, жаным сол! Құттықтаймын, бауы

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап