«Ұлымның досы…»: Иманбаева клипте ұлының досымен төсектес болып ойнағанын ашық айтты (видео)

«Ұлымның досы…»: Иманбаева клипте ұлының досымен төсектес болып ойнағанын ашық айтты (видео)

Танымал әнші Айгүл Иманбаева жуырда Прагаға барып, онда өзінің жаңа клипін түсірген болатын. Клипте жас жігіттің сүйіктісі болып рөл ойнаған актрисаны жұрт сынап тастаған болатын. «Время» газетіне берген сұхбатында әнші клиптегі «сүйіктісі» өмірде ұлының досы екенін ашық айтты.

Бұл туралы Nur.kz хабарлады.

«Клипте менің сүйіктім болып ойнайтын жігіт қазақ болмауы керек еді. Мұндай мақсатты менің шығармашылық серіктесім әрі шоу бизнестегі продюсерім Баян Алагөзова қойған. Клипті Прагада түсіретін болғандықтан, актерді іздеуге және оны онда апаруға қосымша қаражат кетірмеу үшін оны менің ұлым тауып берді.

Баян Прагада оқитын ұлыма хабарласып, оған әдемі, бойы ұзын, сақалы бар, жасы шамамен 35-40 жастағы ер адамды табуға тапсырма берген еді.

Бірақ ұлым оның сақалы бар болуы керек екенін ғана естіген болуы керек, әйтеуір 25 жастағы осы баланы алып келіпті.

Жігіттің есімі Владимир Гогулинский, ұлты – украиналық, студент, менің ұлымның бірге оқитын досы. Сондықтан ол бізді қолдап, бейнебаянда менің сүйіктімнің рөлін ойнап шықты. Басында сәл ыңғайсыздандым. Ол бала ұлымнан бірнеше жас қана үлкен ғой деп. Бірақ біз актер болғандықтан, образға кіруіміз керек болған.

Қазір желіде «Бұл сұмдық», «Жігіт төсекке кофе апарып, сен ұялмай соны ішіп отырғаның қалай?», «Сен неге қазақ емес жігітпен бір төсекте жатырсың», — деп сұрақтың астына алған кезде мен өзімнің актриса екенімді айтамын. «Мен актрисамын, менің мамандығым сондай», — деп жауап беремін», — дейді Айгүл Иманбаева.

Демек сіз мұндай провакацияға саналы түрде бардыңыз ғой?

«Өзгеріс әр адамға керек, әр нәрсені көру керек. Мен қазақша ойлап, қазақша сөйлейтін актриса ретінде өзімнің жүріс-тұрысыма баға беремін. Мәселен, егер мен дәстүрлі әнші болсам онда әңгіме басқаша болар еді. Өмірі ұлттық киім киіп, сәукеле тағып жүріп, мына істеп жүргенің не деуге болатын еді. Бұл шынымен таңғаларлық жайт болар еді. Бірақ олай емес.

Сондықтан мен мұндай мәселеге бас қатырмаймын. Өйтіп айтып отырғандардың барлығы менің театрдағы образдарымды көрмеген болар. Мен министрдің қызы, наркоман қыздың, өз балаларын өлтіретін қылмыскерді де ойнаймын. Менің ойнайтын образдарым өте көп.

Онда неге бұл клипті де кезекті образ ретінде қабылдамасқа?», деді Айгүл Иманбаева.

Previous Қытайда қамалған қазақтарға Димаштың әнін тыңдатқызады (ВИДЕО)
Next МАСҚАРА! Тұрсынбек Қабатов бір той жүргізгені үшін 5 миллион теңге алады екен

Осыған ұқсас

А.Боранбаев: Қазақ әзілінің сын көтермеуінің бірінші себебі – сатира театрларында авторлардың жоқтығы

1-сәуір – Күлкі күні Оның бір басынан небір өнер табылады. Бәлкім, актерлік жолды таңдамағанда, әнші немесе күйші, тіпті ақын болар ма еді, кім білсін? Бірақ ол азабы мен ғажабы қатар

Азат Перуашев үкіметтен офшор қызметін ашық етуді сұрады

Парламент мәжілісіне «Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Азат Перуашев премьер-министр Кәрім Мәсімовке офшорлық аймақтар арқылы жасалатын қаржылық іс-әрекеттерді реттеу шараларын қабылдауды сұрап, сауал жолдады. АЗАТ ПЕРУАШЕВ. ФОТО: ORTCOM.KZ Бұл туралы

Криштиану Роналду өзінің гей екенін мойындады

Футболдан Еуропа чемпионы, «Алтын доптың» үш мәрте иегері Криштиану Роналду өзінің гомосексуалист екенін мойындады. Бұл туралы eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды. «Реал» мен «Атлетико» арасындағы кездесуде Роналду қарсылас команданың

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап