ҚАЗАҚТЫҢ ЖАРТЫСЫ ҚЫРЫЛҒАН ЗҰЛМАТ ШҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҮШІН МЕРЕКЕ ЕКЕН

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАРТЫСЫ ҚЫРЫЛҒАН ЗҰЛМАТ ШҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҮШІН МЕРЕКЕ ЕКЕН

«Кеше ғана «Бессмертный полктің» алдыңғы сапында жүрген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің ресми сайтын қараңыз. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға қатысты бір ауыз сөз жоқ…  А, айтпақшы Семейде Әлихан Бөкейханның ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойған Ахметовтің орынбасары Әсем Нүсіпова қағазға шұқшиып, орыс тілінде баяндама жасап, сөзінің соңын «С праздником – 31 мая!» деп аяқтағанын ұмытып барады екенбіз ғой» – деп жазған  abai.kz мақаласын кеше «Қазақ үні» порталы көшіріп басқан болатын.

Иә, сонда кезінде Бердібек Сапарбаев пен Ислам Әбішев қазақыландырып кеткен Шығыс Қазақстан облысына  әкім бола салысымен  Өскеменге «Қызыл алаң» саламын деп, қып-қызыл қиғылық салған Даниал  Ахметов еліміз  түгел аза тұтып жатқан Саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық күні неге жұмған аузын ашпайды?..

Ал оның  бір жарым миллиондай  халқы бар, Ұлы Абай туған өлкеден қазақша қағатын бір кадр таппағандай, таңдап алған орынбасары Асем Нусупова Семей қаласындағы Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан ескерткішінде тұрып, Алаштың түбіне жеткен империя  тілінде баяндама жасайды. Алаштың ордасында Алаш арыстарын аза тұтып тұрған елде орысша жасаған баяндамасын ол тағы да «С праздником – 31 мая!»деп, мерекелік көтеріңкі көңіл-күймен  аяқтайды.

Асем Нусупованың облыс әкімінің идеологиялық орынбасары ретінде негізгі лауазымдық  міндеті мемлекеттік тіл саясатын дамыту жұмысын; қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметіне басшылық жасау болғанның өзінде  істеп отырғаны мынау. Конституциямызда белгіленген Мемлекеттік тілді таптап,  Ресей тілінде сайрап,   Аза тұту күнін Мерекеге айналдырады.

Сонда ШҚО  әкімінің орынбасары  Нусупова  Асем Бековна  өзінің негізгі міндетін қалай орындап отыр? Негізгі міндетіне  қарсы жұмыс істеп отырған жоқ па? Ал мұндай өз міндетін білмей, білмегені тұрмай, өз міндетіне қарсы әрекет жасайтын жауапты лауазым иелері  өкінішке орай әкімдіктер мен министрліктерде  толып жатыр.

Қазақ халқының басына түскен қасіретті елмен бөлісуді білмейтін осындай «әкімдермен»  біз қайда барамыз? Рухани жаңғыру дегеннің не екенін біледі ме бұлар?

Елбасымыз Назарбаев: «АШАРШЫЛЫҚ – «коммунизмнің жарқын болашағы» атты жалаң ұранмен жасалған қасірет» – деп, ел газеті «Егеменде» халыққа Үндеу жасап жатса да, үндемейтін, қайта керісінше қасіретті мерекеге айналдыратын  қандай әкімдер сонда бұлар?  Бұрынғы КСРО-ның ықпалын күшейтуді ойлаған Ресейдің жобасы «Бессмертный полк» шеруіне елді бастап шығатын облыс әкімі Даниал Ахметовке (төменгі суретте) өз ұлтының бүкілхалықтық қайғылы қасіретін бөлісу жат па?

Мүмкін, Асем Нусуповаға мереке болса, мереке шығар бұл  күн? Өйткені сол зұлмат пен зобалаңда қазақтың жартысы қырылмаса, бүгінде 13 миллион емес,  60 миллионға жуықтайтын Қазақ елінде Қазақша білмейтіндерге мемлекеттік қызметте лауазымды орын жоқ болар еді ғой…

Мен облыс әкімінің орынбасарының аты-жөні төлқұжаты бойынша Нусупова Асем Бековна екеніне бәс тігемін, сондықтан солай жазып отырмын. Әйтпесе, қазақтың Әсем деген әсем аты ӘСЕМ деп жазылады. Сонда Әсем Нүсіп Бекқызы болып, қазақша сауатты жазылуы  керек. Бірақ Рухани жаңғырып жатсақ та, басшылар ретінде бұлай дәстүрлі текке көшуді бастау біздің әкімдік басшылары түгілі Үкімет пен Парламент мүшелерінің де үш ұйықтаса да, түстеріне де кірмейтін шығар… Әлемде аты-жөні екі тілде екі түрлі жазылатын сауатсыздық  тек Қазақстанда  ғана.

Шығыс Қазақстан облысы басшыларына, әсіресе  Асем Нусуповаға айтарымыз, Сіздер үшін кеңес империясының қолдан жасаған зұлым саясатының кесірінен  қазақ халқының жартысы қырылған Аштық пен Қастықтан құрбан болғандар күні  мереке  болса,  ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ҮШІН АЗА ТҰТУ КҮНІ!

Қазыбек ИСА

Qazaquni.kz

Previous Оразаға байланысты эстрада әншілеріне шектеу қойылды
Next Ерке Есмахан түрік миллионерімен бірге бір үйде жүр (ВИДЕО)

Осыған ұқсас

Аида Боранбай тұрмысқа шықты

«Информбюроның» жүргізуші-корреспонденті Аида Боранбайды ұзату тойымен құттықтаймыз! Аида, қадамыңа гүл бітсін! Барған жеріңе тастай батып, судай сің!

“Қазақстан Барысы” мысықтілеу саясаттың күресіне айналған ба?!.

Еліміздегі ұлттық спорт түрлерін дамыту саласындағы ең ірі жоба “Қазақстан Барысы” алғаш рет ұйымдастырылып, алғашқы турнирі өткен кезде, халықтың осы бір палуандар додасына деген құрметі ерекше еді. “Қазақстан Барысы” –

​Қайрат Әділгерейдің жұбайы бейнебаян түсірді (ВИДЕО)

Белгілі әзілкеш, «Базар жоқ» театрының актері Қайрат Әділгерейдің келіншегі Бақыт Тұрман алғашқы бейнебаянын түсірді, – деп жазады inform.kz. Әнші «Қайталай берем атыңды» деп аталатын бұл туындысын Құдай қосқан қосағына арнапты.

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап