Әйгілі ресейлік әнші қазақ миллиардерімен қалай көңілдес болғанын жайып салды (ВИДЕО)

Әйгілі ресейлік әнші қазақ миллиардерімен қалай көңілдес болғанын жайып салды (ВИДЕО)

Танымал ресейлік әнші Сати Казанова алғаш рет өзінің өткен махаббаты жайлы шындықты айтты. Ол қазақ миллиардеріне өлердей ғашық болғанын мойындап, тіпті бір кездері оған тоқал болуға дайын болғанын жеткізді. Ал аяққа енді тұрып келе жатқан кезде өзіне түрлі сыйлықтар жасап, тіпті Мәскеуден пәтер алып берген экс-сүйіктісіне Казанованың әлі де айтар алғысы шексіз.

Бұл туралы 365info.kz хабарлады.

Бұл туралы Сати НТВ арнасының “Секрет на миллион” бағдарламасында айтты.

Сати миллиардердің өзіне бағалы бұйымдар, көйлектер, сөмкелер, автокөліктер алып бергенін мойындады. Мәскеу орталығында орналасқан ауданы 125 шаршы метр болатын пәтерді әншіге қазақ сүйіктісі сыйға тартқан.

“Сүйіктім болған. Оның есімін атай алмаймын, себебі бұл менің ғана құпиям емес. Оның басы бос емес. Екеуміз үш жылға жуық кездесіп жүрдік. Ол өте жомарт жан еді, мен оны шексіз сүйдім. Ең қызығы, оны кездестіргенге дейін 6 ай бұрын “өте бақуатты азаматты кездестірсем” деп тілеген едім.

Ол шақта өзім енді ғана қарапайым қыздан көтеріліп, өз нәпақамды таба бастадым. Кең әрі әдемі пәтерді армандадым. Ондай үй мен автокөлікке қол жеткізу үшін әлі 100 жыл тер төгетінімді түсіндім. Сол кезде арманымдағы азаматты кездестірдім”, – дейді Сати.

Казанова сүйіктісімен гастрөл кезінде танысқан. Миллиардердің алдында ән салып, оны баурап алған әнші уақыт өте келе онымен кездесуді әдетке айналдырған. Тіпті, миллиардердің өзге мемлекетте тұруы олардың қарым-қатынасына кедергі бола алмапты.

“Алғашқыда айына бір рет кездесіп тұратынбыз. Кейін сиреп, 1,5 айда, 3 айда бір жолығатын болдық. Мен оның жанында нәзік гүл сияқты сезінетінмін. Айтқанын бұлжытпай орындайтынмын. Ол маған 1,5 жылдан кейін пәтер алып берді. Өте бақытты болдым. Оған алғысым шексіз.

Алғашқыда гаухар тасты бұйымдар сыйлайтын. Әрине, маған ұнайтын. Гаухар тас кімге ұнамасын? Кейіннен қымбат спорттық автокөлік алып берді. Сосын мен жақсы қыз ұқсап көлікті сатуға рұқсат сұрадым. Оның орнына қарапайым тұлпар алып, қалған ақшаны әке-шешеме бергім келетінін айттым.

Ол “өзің біл” деді. Ол ешқашан да “рақметің жоқ, алып берген заттарымды қайтар” деп айтатын азаматтардың қатарынан емес”, – дейді Сати.

Алайда Казанова сүйіктісін отбасынан айырғысы келмепті. Себебі Сати есімін атамауды жөн көрген азамат өз елінде беделді тұлғалардың бірі екен.

“Мен оны қатты жақсы көрдім. Оның жағдайын түсініп, бәріне құрметпен қарадым. Балалары бар. Оны отбасынан ажыратып алу ойыма кіріп-шыққан емес. Ол өзі менен басқа да әйелдермен де кездесіп жүрді.

Әйелімен ешқашан көріскен емеспін. Бірақ мен туралы білді деп ойлаймын. Себебі сонша ақшасы, қолында билігі бар еркектің сондай болатыны белгілі нәрсе”, – деп ағынан жарылды Сати Казанова.

Ресей әншісі сүйіктісінің өзінен басқа да әйелдермен кездесіп жүргенін білген. Оған қалыпты жағдай деп қараған. Алайда бақталастарының бірі миллиардерге бала тауып бергенін білгенде онымен ат құйрығын үзіскен.

Previous Қытайлар Димаш Құдайберген туралы фильм түсірмек
Next Тұрпайы би билеген Жанар Дұғалованы оқырмандары ішіп алған деп топшылады (видео)

Осыған ұқсас

Күйеуі талақ айтып, басқа адамға күштеп тұрмысқа шығарған әйелдің тағдыры

Талай рет «талақ» болған әйел NUR.KZ оқырмандарына мұңын шақты деп жазады аймақтағы тілші. НИКАБ КИГЕН ӘЙЕЛ. ФОТО: NUR.KZ Қара орамалмен бетін жауып, азық-түлік дүкенінен шыққан келіншек өз өмірі туралы айтып беруден

Мәдина Сәдуақасова: Мейрамбектің көзіне тіке қарай алмаймын (видео)

Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова халықтың сүйіктісі Мейрамбек Бесбаевтың көзіне тіке қарай алмайтынын мойындады. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында жазған, – деп хабарлайды nur.kz. Бесбаевпен бірге орындаған «Жаңбырлы

«ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» БҮГІНДЕ КЕДЕЙШІЛІК ДӘУІРДІ БАСТАН КЕШІРІП ОТЫР

Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ, әнші-композитор,  – Алтынбек Қоразбайұлы, әңгімемізді өзіңіз басқарып отырған «Қазақконцерттің» тыныс-тіршілігінен бастасақ… ­ – Қазақ өнерінің қарашаңырағы саналатын «Қазақконцерт» 55 жылдық тарихы бар ұжым. 1960 жылы Жамбыл атындағы филормонияның

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап