Қайрат Нұртастың отбасы тез танылудың жолдарымен бөлісті

Қайрат Нұртастың отбасы тез танылудың жолдарымен бөлісті

Тез танылу бір бөлек, алайда ұтымды пиар арқылы халықтың қошеметіне бөлену қиынның қиын-ақ! Бірақ, бұл тәсілді Қайрат Нұртастың командасы мықтап меңгерген. Тың идея қалай туындайды? Хитменнің отбасы тез танылудың жолдарын айтты.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Қайраттың жұлдызды жолы, халықтың жүрегін хиттерімен баураудан басталған. Кейін 10 жыл жасырған жұбайын жұртқа таныстырып, ел қызығушылығы еселене түсті. Жаңалыққа жаны құмар Айдарбековтер жанұясы, осылайша отандық кинонарықтың көшіне Жұлдыз Әбдікәрімова есімді актрисаны қосты.

“Өзімнің ортамда, таныстарым болсын, мектепте мұғалімдер болсын, сол кісілердің ойлары маған оң. Тілектері оң. Олар жақсы баға беріп жатыр. Ал өнерде араласатын құрбыларым, таныстарым да бар. Енді, арасында сынап жатқандары да бар. Ол да дұрыс шығар”, – дейді Қайраттың жары.

Өткен жылдың күзінде келінін көрсетіп, араға алты ай салып төрт немересін халыққа таныстыру Гүлзира Айдарбекованың идеясынан туындаған екен.

“Осы уақытқа дейін анамның айтқанымен жүрмін. Себебі, ол кісі менен көпті көрген. Екіншіден маған жанашыр жан – менің анам. Ешқашан жамандық ойлаймайды. Сондықтан, бірден келісім бердім”, – дейді Қайрат Нұртас.

“Сіз осыны баяғыда жоспарлап қойғансыз ба, деп айтады. Кейде ойлап отырамын, ешкімге жасаған жамандығым жоқ, ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын. Сосын да, Құдай әйтеуір дегенімнің барлығын, болдырып тұратын шығар. Аяқ астынан кейде идеялар туып жатады. Соларды жасап отырамын. Бірақ, барлығы өз дегеніне жетеді”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Иә, Қайрат пен інісі Заңғар шырқаған шет тілдегі ән де – трендтегі тректердің тізімінде. Ағайындылардың жаңа жұмысын мақтағандар да, даттағандар да жетерлік. Десек те, пысық продюсер дегеніне жетті. Бүгінде кенже ұлы әйгілі ағасының ізімен жүріп келеді.

“Қазақша-ағылшынша ән. Бұл ағамның өнерінде ерекше ән болды деп ойлаймын. Өйткені, басқа стилде, басқа форматта”, – дейді Заңғар Нұртас.

Previous Бақытты сәттерім үшін рақмет: Баян Алагөзованың күйеуімен айырылысып кеткені рас па?
Next Халық есебінен байығандар жастардың грантына таласпасын: ЖОО доценті Мейрамбек Бесбаевқа жауап берді

Осыған ұқсас

Қайрат Нұртас ең жас депутат атанбақшы

Әнші Қайрат Нұртас Мәжіліс депутаттағына ең жас кандидат атанды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы тізімдерді тіркеу қорытындысын жария етті. 19 ақпанда оларды тіркеу мерзімі аяқталады. «Орталық сайлау комиссиясы алты

ҚАНАТ ИСЛАМ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-кездесуінде жеңіске жетті. Жепе-жек Колумбияда жергілікті боксшы Фидель Монтерроса Муньеске қарсы өтті. Қанат кездесу басынан басымдылықты өз қолына алып ауыр соққылар жасай бастады. Кездесудің

“Қолаң” шашымен мақтанған Есболат Беделхан жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Беделхандардың кішісі қолаң шашымен мақтанып, жұрттың жағасын ұстатты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Желідегілер Есболатқа сусабын жарнамасына түсуге кеңес берді. Тағы бір фолловерлер “Орда” тобының әншісін “тентекке” теңеді. “Бұл кісінің шашы көп қыздардікінен

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап