Халық есебінен байығандар жастардың грантына таласпасын: ЖОО доценті Мейрамбек Бесбаевқа жауап берді

Халық есебінен байығандар жастардың грантына таласпасын: ЖОО доценті Мейрамбек Бесбаевқа жауап берді

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті Мырзантай Жақып Мейрамбек Бесбаевқа жауап берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Мырзантай Жақып редакияға хат жолдап, өз жауабын жариялады.

«Ешкімнің нақты атын атап, түсін түстемесем де, қара халықтың есебінен әбден байып алған «әнші-журналист-жұлдыздар» енді мемлекеттік білім гранттары арқылы тегін «оқып», «әнші-магистр-докторларға» айнала бастағаны туралы әлеуметтік желіде жарияланған жазбамды кейбір азаматтар тікелей өздерінің аттарына қабылдап, «қызғанып, көре алмай жатыр», «қуанышқа ортақтаса алмайтын, іштарлығы бар адам» деп менің атыма біраз ауыр-ауыр сөздер жазып тастаған. Оны қалың көпшілікке таратып жатыр екен. Біз сияқты қатардағы қауымдастырылған профессордың бір ауыз сөзіне осыншалықты деңгейде ерекше мән беріп, қызу талқыға салып жатқан көпшілік қауымға шексіз алғысымды білдіремін!», – деп жазады ғалым.

«Егер әншілер өздерінің шынайы білімдерімен сондай дәрежеге жетіп жатса, өз басым оған тек қана қуанамын! Алайда кейбір «тележұлдыздардың» сахнадағы атақтарын пайдаланып, өнер саласына мүлдем қатысы жоқ ұлттық жоғары оқу орындарының магистратуралары мен PhD докторантураларына қарай жаппай лап қойып, мемлекеттік білім гранттары есебінен «оқу бітіріп», диссертациялар «қорғауға» кірісуі жалпы сипат ала бастауын;  ұлттық университеттерді басқаратын кейбір ректорлардың өз қарамағындағы студенттері мен профессор-оқытушыларын тырп еткізбей, уысында қысып ұстап отырып, керісінше, әртүрлі «жұлдыздардың» алдында құрдай жорғалап, жас балаша жүгіруін өз басым мүлдем түсіне алмаймын! Байлардың аста-төк той-томалақтарынан көп қаржы табатын әншілер мен «тележұлдыздар» егер академиялық және ғылыми атақ-дәрежелер алғысы келіп жатса, жоғары оқу орындарының магистратуралары мен PhD докторантураларының ақылы бөлімдеріне өздерінің жеке ақшаларын төлеп оқығаны, шын дарынды жастарға арналған мемлекеттік білім гранттарына жармаспағандары жөн. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – осы», – дейді Мырзантай Жақып.

Бұған дейін Мырзантай Жақыптың сынына Мейрамбек Бесбаевтың не деп жауап бергенін жазған болатынбыз.

Previous Қайрат Нұртастың отбасы тез танылудың жолдарымен бөлісті
Next Ерке Есмахан Төреғалидің тоқалы болғаны рас па?

Осыған ұқсас

Тоқтар кезінде Бейбітке көзі түскен белді тұлғалар туралы бар шындықтың бетін ашты

Тоқтар Серіков кезінде Бейбіт Сейдуалиеваға көзі түскен белді тұлғалар жайында айтып берді. Оның Бейбітке үйленуінің бірінші себебі – оған деген сезімі болса, екінші себебі – оның тағдырына алаңдаушылығы. Бұл туралы

Қазақ жігіттері бар жұмысты істемей, «крутой» жұмыс күтіп жатады

Қазақтар бір жаққа бараЖАТАДЫ, келе ЖАТАДЫ, жұмыс іздеп ЖАТАДЫ… Неге қазақтар бар жұмысты істемей жата береді? «Крутой» жұмыс күтіп жатқан жігіттер көп. Көп жұмысты менсінбейді өздерінше. Жұмыс көп негізінде жігіттер.

«Қазақ қыздары əдемі емес» — деді Ninety One тобы

«Ninety One» тобы сұхбат бергенде сөзге сақ болуы керек шығар. Сіздерді қолдап отырған негізінен осы қазақ қыздары емес пе?  Дереккөз: kaz.365info.kz

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап