«Қайдағы Сәбит?». Айгүл Иманбаева түнгі уақытта не істегенін айтты (видео)

«Қайдағы Сәбит?». Айгүл Иманбаева түнгі уақытта не істегенін айтты (видео)

Ал ендеше! Айгүл Иманбаева ағынан жарылыпты. 

Өзінің қандай кезеңнен өткенін, мақсат — мұратына қалай жеткенін айтқан Айгүл: «төрт жерде жұмыс істедім. Көз ілгем жоқ. Күндіз театр, түнде мейрамханада тер төктім» дейді.

Бұл туралы kaz.365info.kz порталы жазды.

Өз кезегінде желідегі сыншыл қауым Айгүлдің жетісікке жетуіне бұрынғы күйеуі Сәбит себепші болды деген пікір білдіріпті.

Ал желідегі енді бір топ әншінің еңбекқорлығына қайран қалып, алда да көздеген мақсатына жетуге тілектестік білдірген екен.

Айта кетсек бұдан бұрын әнші тұрмысқа шығатынын айтқан болатын. Алайда, ол болмай қалды.

«Құдай қаласа, бәріңізді тойға шақырамын. Бірақ, мен ақ көйлек киіп той жасамаймын. Себебі, баламның өзі үйленетін жасқа жетті. Жаныңды түсінетін азаматыңның болуы керек», — деді әнші.

Сондай-ақ әнші өз талғамындағы ер-азамат жайлы айта кетті.

«Мен тоқал болуға және өзімнен үлкен ер адамға тұрмысқа шығуға қарсымын. Сонымен қатар, біреуден тығылып өмір сүре алмаймын. Егер тұрмысқа шығатын ер адамың жаныңды түсінетін, басы бос адам болса, бір жылдан қалмаймын-ау.

Жанымдағы ер адамның жүрегінің түгі болу керек. Себебі, анау-мынауға бағынатын, ығына жығылатын жастан өтіп кеттім. Маған ішкі мәдениет жоғары, етек-жеңнің арасындағы әңгімені елемейтін азамат керек.

Былай айтқанда әркім өзімен деңгейлес адамды тапқаны дұрыс. Сондай адам жолықса, неге оның алдында иіліп жастық болмасқа», — деп сөзін түйіндеді әнші.

 

Previous Ерке Есмахан Төреғалидің тоқалы болғаны рас па?
Next «Неге кетті?..». Сәкен Майғазиев Тасмағамбетовты есіне түсіріп, елді бір шулатты (фото)

Осыған ұқсас

2014 жылдағы жұлдыздар әлеміндегі тойлар

*Жұлдыздар жарқырайды Ұлықпан Жолдасов құда атанды. Кеше ұлын үйлендірген танымал сазгер шаңырағына келін түсіріп, қуанышқа кенеліп отыр. 600 адамға жасалған дүбірлі тойға шоу-бизнес өкілдерінің шамамен 80 пайызы келді. Биыл екінші

Қазақстандық танымал әнші 15-ші қабаттан құлап, мерт болды (фото)

Алматыда 15-ші қабаттан құлап кеткен ер адам танымал рэп-орындаушы Жандос Талғат болып шықтыдеп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеумметтік желі қолданушылары Black Cost тобының негізін қалаушы Жандостың отбасына көңіл айтып жатыр. Ол Hazard

Димаш Парижде әйгілі актриса Ева Лонгориямен биледі (ВИДЕО)

Қазақтың әйгілі әншісі Димаш Құдайберген Париждегі The Global Gift Gala қайырымдылық кешіне қатысты.  Бұл туралы әншінің әлеуметтік желідегі жазбаларына сүйеніп, Caravan.kz хабарлап отыр. Димаштың аталған кешке қатысатынын өткен аптада оның ресми

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап