«Өзі де тойға барып жүр»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваны сынап тастады

«Өзі де тойға барып жүр»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваны сынап тастады

Осыдан біраз уақыт бұрын Роза Рымбаева той әндерін орындайтын Ернар Айдарды сынға алған болатын. Роза Қуанышқызының той әншілері жайлы пікіріне «Айта берсін» бағдарламасы арқылы Мақпал Жүнісова жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

 

Халықтың ерке қызы Роза Рымбаеваның бұл пікірімен үзілді-кесілді келіспейтінін жасырмады.

 

«Қазіргі заманда тойдың әншісі, сахнаның әншісі деп бөлуге болмайды. Тойда болған халық ол концертке де келетін -халық. Тойдағы халықтың деңгейі төмен деп айтуға болады ма? Аналарымыздың 80-90 жылдығы, 100 жас тойына барғанымызды неліктен намыс деп санауымыз керек? Олардың деңгейі төмен бе, әлде?

 

Жалпы, Роза апамыздың әңгімесі дұрыс әңгіме емес. Ол кісі де тойға барып, өлең айтып жүр. Өз көзіммен көрдім. Онда біз де «Тойдың әншісісіз» деп айтайық. Жалпы, жастардың бәрін жоққа шығаруға болмайды. Бұл менің ойым. Артық айтсам, кешірім өтінемін.

Ал артық, балағат өлең айтып жүргендерге тоқтау салсақ болады. Қазақтың тілін бұзбай, жақсы айтып жүрген баланы жоққа шығаруға болмайды», – деп айтып салды Мақпал Жүнісова.

Previous Көрнекті ақын Қазыбек Иса Республикалық мүшәйраның Бас жүлдесін жеңіп алды
Next Магистр болғаны үшін сын естіген Мейрамбек Беспаев докторантураға түспекші (видео)

Осыған ұқсас

Ернар АЙДАР, әнші: БАЛА КЕЗІМДЕ БАЗАРДА АРБА АЙДАДЫМ…

                  – Ернар сіз телеарнаға берген бір сұхбатыңызда: «Өзімді әншімін десем де артық болар. Әншілік жолға енді ғана қадам басып келе жатқан

Қайрат Нұртас: Кремльге барып жеке кешімді беремін

Ірі деңгейдегі шығармашылық кешін былтырғы жылдың соңында берген әнші Қайрат Нұртас алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы 31 арнадағы “Жұлдыздар жарқырайды” жобасында айтылды, – деп жазады stan.kz. “Адам айта берсе тілегі орындалады дейді

«ӨЛМЕС ПОЛК» АКЦИЯСЫ ӨТКЕН СОҢ АРДАГЕРЛЕР ҚОҚЫСҚА ЛАҚТЫРЫЛДЫ

9-10 мамырда қастерленген Отан соғысының ардагерлерінің суреттері енді Орталық алаңда, әкімдіктің алдында, гүлзарлар мен сәкілерде қалып қойды, – деп хабарлайды Qamshy.kz . «Өлмес полк» шеруін мыңдаған қостанайлықтар қолдаған.  Жасөспірімдер ардагер аталарының

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап