Магистр болғаны үшін сын естіген Мейрамбек Беспаев докторантураға түспекші (видео)

Магистр болғаны үшін сын естіген Мейрамбек Беспаев докторантураға түспекші (видео)

Танымал отандық әнші Мейрамбек Беспаев жақында ғана Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Мәдениеттану» мамандығы бойынша магистрі атанып, қолына қызыл диплом алған еді. Әншіде білімін жалғастырып, докторантурада оқуын жалғастыру ойында бар екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Мейрамбек 31 арнадағы «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында магистрлік диссертацияны қорғау қиынға соқпағанын айтты.

“Жоқ, қорғау қиын емес. Бұл өзімнің салам. Өзіме түсінікті сала, бала күнімнен жүрген сала. Оның үстіне, Алтынбек Қоразбаев туралы тақырып зерттелмеген екен. Бұл кісінің қазақ мәдениетіндегі орны, еңбегі, сол тұрғыда мен көптеген, жан-жақты зерттеулер жүргіздім. Ұстазымның менен артық қасында көп жүрген адам жоқ шығар», – деді Мейрамбек.

Журналист «Докторонтурада оқығыңыз келе ме?» деп сұрақ қойған болатын.

«Оқығым келеді. Енді бірақ ары қарай білмеймін, уақытқа байланысты. Бұл жолы да арасында гастрольдік сапарлар болды. Бірақ ізденісте жүрдім. Солай аяқталды», – деп тіл қатты әнші.

Мейрамбек Беспаевтың сөздерін 32-минуттан бастап көре аласыздар.

Previous "Өзі де тойға барып жүр": Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваны сынап тастады
Next Меруерт Түсіпбаева қыз ұзатам деп масқара болды (видео)

Осыған ұқсас

Қайрат Нұртастың 10 жыл бойы келіншегін жасыруының себебі белгілі болды

Жуырда Қайрат Нұртас көп жылдар бойы жасырып келген келіншегін елге көрсетті. Жұлдыз Әбдікәрімова түскен клиптің жарыққа шыққаны сол-ақ еді, желіде Қайраттың келіншегінің атынан жаңа парақша ашылды. Алайда оны жүргізіп отырған

Мейрамбек Беспаевтың әулеті дүркіретіп той тойлады (фото, видео)

Мейрамбек Беспаев інісі Мейірбек Беспаевты үйлендіріп, келін түсірген болатын. Араға бір апта салып, Беспаевтар әулетінде үлкен той тойланды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Қазақтың салт-дәстүрін бұлжытпай орындаған Беспаевтар алдымен Шиеліге барып, қызға

«Нұр-Мұқасан» дуэті тарап кетті

Қазақстан эстрадасындағы алғашқы топтардың бірі «Нұр-Мұқасан» дуэті ақыры тарап тынды. Топ әншісі Мұқасан Шахзадаев қазіргі таңда Нұрлан Қонысбаевтың қайда және немен айналысып жүргенінен бейхабар екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Астана» телеарнасының

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап