Айдана Меденованың сексуалды суреті желіні жарды (ФОТО)

Айдана Меденованың сексуалды суреті желіні жарды (ФОТО)

Шоу-бизнестегі ең сұлу әншілердің бірі Айдана Меденова тыңдармандарының көңілін қалдырды. Өнер иесі жартылай жалаңаш түскен суретін жариялап, қатал сынға ұшырады, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.

Айдана Меденова қазіргі уақытта отбасымен Түркияда демалуда. Әнші бұл сапарға жолдасы мен ұл-қызынан бөлек, күйеуінің алғашқы некесінен туған ұлдарын да ала барған.

Instagram-дағы парақшасында демалыстағы қызықтарымен бөлісіп жүрген Меденова күні кеше купальникпен түскен суретін жариялап, жұрттан сөгіс естіді.

“Әлішер айға қарап жүргенде купальникпен бір фото салып үлгердім”, – деп жазды ол.

Бұл орайда әншінің күйеуі де аталған жайтқа қатысты пікірін білдірді.

“Көзімді жұмып қалсам болды, Айдананы купальникпен суретке түсіріп алады. Тоныңды ала шық деп айттым оған”, – деп астарлы қалжыңмен өз ойын білдірді Әлішер Нұржанов.

Бір қызығы, күйеуі қарсы болмаса да, желі қолданушылары Айдананы жерден алып, жерге салған.

“Ұятсыз екенсің, сені әжептеуір сыйлап жүрсек”, “Айдана, салмағаның жақсы еді. Бұл жерде қаншама ер адамдар бар. Бұндай бейнені тек қана күйеуіңіз көруі қажет”, “Айдана сені қыздардың ішіндегі ұяттысы, жақсы деп ойлайтын едік. Мынауың ұят болды”, “Мен сені ақылы бар қыз деп ойласам”, – деп жазды олар.

Previous Сәкен Майғазиевтің тоқалы бары рас па?
Next Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат пен Нюшаның ара-қатынасы жайында: Бәрі менің бақылауымда

Осыған ұқсас

ЖЕР КОДЕКСІНЕ ҚАРСЫ ШЫҒЫП ҚАМАЛҒАНДАР ТІЗІМІ

Елімізде қолға алынған жер реформасына наразылық танытқан бірнеше белсенді кешеден бастап қамауға алынуда. Оларға ҚР-ның «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің бейбіт шерулер ұйымдастыру мен өткізуге қатысты баптарын бұзды деген айып тағылуда,

Асылхан Төлепов депутат атанбақшы

Алматы мәслихаты депутаттығына «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалынан ұсынылған кандидаттар тізімі жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есентаеваның қайғысына “қуанғандар” өз ойларымен жұртты шошытты

Кей отандық журналистер мен желі қолданушылары Баян Есентаеваның басындағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олар продюсердің соққыға жығылуға лайық екенін айтып жатыр. Тіпті Есентаеваның бір көзін қысып тұрған суретін әжуалағандар

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап