Қазыбек Иса. ҰЛЫ ҚЫТАЙ ҚОРҒАНЫН БҰЗЫП ӨТТІҢ!..
05.08.2018 2 пікір 80 қаралды

Қазыбек Иса. ҰЛЫ ҚЫТАЙ ҚОРҒАНЫН БҰЗЫП ӨТТІҢ!..

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

 

Сайрагүл Сауытбайға

 

Қылмысты ел деп Қытайды  қабылдаған,

Жауыздықтың  білді енді  бәрін  ғалам!

Бара алмайды ерлікке  сағынбаған!

Құштар болған Еліне Құстар сынды,

Шекараға сен болдың бағынбаған!

 

Ұлы Қытай қорғанын бұзып өттің,

Миллиардтың бұғауын үзіп өттің!

Батырлыққа  дәл мұндай өзің барған,

Бата алмаған  жоғалды    ізі көптің!

 

Ел біріксе, алмайтын қамалы  жоқ!

Екендігін  білдірген жанарың от!

Қаршадай қыз қайраты қамал бұзып,

Қалдың енді халқыңның дара  әні  боп!

 

Саңлақ  керек  өзіңдей саналы елге,

Көтере бер күресті  жаңа белге!

Қазақ болу қылмыс боп тұрған елді,

Әшкерелеп  бердің сен  бар әлемге!

 

Жазалаған жас бала, жарау ұлды,

Бір қазаққа он сақшы қарауыл-ды.

Айдаһар ел ылаңын жайып салдың,

Айналдырған түрмеге әр ауылды!?.

 

Жоқтығынан   тозақта  басқа амалдың,

Тас талқанын шығардың  тас қамалдың!

Бодандықта  көңілің босамаса,

Бостандықта жанарды  жасқа малдың!

 

Түнектерде түршігер  түнеп көрдің,

Еркін Елім бар деп сен тілеп келдің!

Қанды қылыш  Қытайдан қаймықпаған,

Тартылысын көрсеттің  Жүректердің!

 

Барлығына дайын ең, Бәрін күттің,

Өлсем деген елге кеп зарыңды ұқтым.

Тәуелсіздік көрсетіп Тәуелсіз  Ел,

Үні болды  сотың да   Әділдіктің!

 

Кедергіні  жолдағы жойып өлгің,

Келгені бұл – келмеген  ойына ердің…

Кісен қысқан қолдарың гүлге толып,

Соттың соңы ұласты  тойына елдің!

 

Қасабынан  Қытайдың  кім айығар,

Сен баяндап  жатқанда шынайы,  дәл –

*«Ұлы қорған бір жағы құлап түсті»-

Тегін емес-

Қазақтың  Құдайы  бар!

 

Ел намысы – ең басты шарт осында!

Бәріне бас тіккендер бар қасыңда.

Бауырыңа  бастың ғой балаларды,

Абзал жандар қайраты арқасында…

 

Азат Елдің атанып  Азат қызы,

Қалсын артта  тағдырдың азапты ізі.

Кедергінің барлығын кесіп өткен,

Қанатыңды қаға бер – Қазақ  қызы!

* Сайрагүл соты өткен 1 тамызда  Ұлы Қытай қорғанының Мин династиясы (1368-1644) кезінде салынған  Яньмэнь асуының бір бөлігі  қатты жауыннан құлап қалды!..

Қазыбек  ИСА

Qazaquni.kz

 

 

 

Previous Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы әкесін элиталы пәтерінен қуып шықты
Next Қазақ әншісі Сая Махамбет халықаралық байқауда бас жүлдені иеленді

Осыған ұқсас

Геннадий Головкин АҚШ-та қазақ баласының тұсауын кесті

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин АҚШ-та бүлдіршіннің тұсауын кесті деп хабарлайды NUR.KZ порталы. ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН ЖӘНЕ ТҰСАУЫ КЕСІЛГЕН БАЛАҚАЙ Қазақстандық жұп баласының тұсауын кесуді Головкиннен өтінген. Боксшы бұған қуана келісіп, қазақ

Мейрамбек Беспаев пен Медеу Арынбаев хит орындады (видео)

Қазақтың шоу-бизнесіндегі ел ағалары — Медеу Арынбаев пен Мейрамбек Беспаев дуэт болып, жаңа ән орындады. Бұл туралы  kaz.365info.kz хабарлады. Су жаңа әннің авторы – Медеу Арынбаевтың өзі болса, сөзі —

Мейрамбек Беспаев қандай діни кітаптарды оқиды?!.

Қазақтың біртуар әншісі Мейрамбек Беспаев кімді оқып жүр? Бұл сұрақтың жауабын оның Инстаграмдағы парақшасына кірсеңіз табасыз. Әнші парақшасына көрнекті исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлының «Дін мен діл» кітабын оқып отырған суретін жүктеп,

2 пікір жазылған

  1. Гүлмира
    Тамыз 11, 10:05 Reply
    Сайрагүл Сауытбайға арналған осынау жүрекжарды жырыңыз батыр қызға бар қазақтың атынан айтылған арнау болды. Қарымды қаламыңыз бен ұлтшыл қасиетіңізбен әрбір қазаққа осылай қорған боп, аман есен жүре бергейсіз, Аға!

Жауап