Қазақ әншісі Сая Махамбет халықаралық байқауда бас жүлдені иеленді

Қазақ әншісі Сая Махамбет халықаралық байқауда бас жүлдені иеленді

«Пироговский рассвет» халықаралық эстрадалық орындаушылар конкурсында қазақ қызы Сая Махамбет Гран при ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пироговский рассвет» халықаралық эстрадалық орындаушылар конкурсы Мәскеу іргесіндегі Мытище қаласында 2011 жылдан бастап өткізіліп келеді. Қазақстан аталған конкурсқа осымен үшінші рет қатысты.

Ресейде осымен 8-ші рет ұйымдастырылған «Пироговский рассвет» байқауына 11 елден (Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Украина, Беларусь, Болгария, Франция, Куба, Армения, Польша, Чехия) өкілдер қатысты. «Конкурс ережесі бойынша қатысушылар алдымен іріктеу кезеңінен өтті. Сая байқауда екі ән орындады және екеуін де өте жоғары деңгейде алып шықты.

«Әрине, басында аздап қобалжу болды, дегенмен әділқазыларға ұнады», – дейді әншінің менеджері Гүлнұр Әбиділдақызы.

Байқау ережесі бойынша қатысушы екі ән орындауы тиіс. Бірі – ана тілінде, екіншісі – орыс тілінде. Сая Махамбет алдымен өзінің авторлық «Қазағым» әнін айтты, сосын В.Цойдың «Кукушка» әнін орындап шықты. Конкурста қойылатын ең жоғары бал – 70 болса, Сая Махамбет 68 балл жинап, бас жүлдені иеленді.

Айта кетейік, Сая Махамбет – «Қазақконцерт» ұйымының әншісі, «Арай», «Жас қанат» республикалық және басқа да халықаралық байқаулардың лауреаты.

Дәулет Ізтілеу

Previous Қазыбек Иса. ҰЛЫ ҚЫТАЙ ҚОРҒАНЫН БҰЗЫП ӨТТІҢ!..
Next Альбинаның тойына Тәуекел Мүсілім сүйіктісін ертіп келді (видео)

Осыған ұқсас

Танымал әнші балалар байқауына іш киімсіз келді (фото)

Танымал ресейлік әнші Сати Казанованың балалар шоуына киіп келген киімі қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы ресейлік басылымдар жазуда деп хабарлайды NUR.KZ. «Kinder МУЗ Awards» деп аталатын балалар байқауына әнші Сати

Қайрат Нұртастың әйелі көпшіліктің көзінше әншінің масқарасын шығарды (ВИДЕО)

Кеше ғана елу жасын атап өтіп, туған-туыс, таныстарының басын қосып, дүркіретіп той жасаған Гүлзира Айдарбекованың тойындағы қызықтары желіні шарлап жүр. Айтулы тойға Айдарбековтер әулеті түгелімен дерлік қатысқан сияқты. Десе де,

Күйеуінен қорлық көрген Карина Абдуллина ұлын әріптесінің атына жаздырған

Танымал әнші Карина Абдуллина өзінің басынан өткен қиын кезеңдерін есіне алып, күйеуінің көрсеткен қорлықтарын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы ол «КТК» арнасының «Моя правда» бағдарламасында айтты. «Өзімнің отбасым жоқ.

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап