Илья Ильин әйелімен не себепті ажырасқанын айтты

Илья Ильин әйелімен не себепті ажырасқанын айтты

Отандық танымал спортшы Илья Ильин отбасылық оқиғалары мен басынан өткен қиындықтары туралы бөлісті. Ауыр атлеші орын алған допинг жанжал мен Наталья Кулаковамен ажырасып кеткені жөнінде ашық айтты деп жазады Men`s Health басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

 

Илья Ильин әйелімен ажырасу оған ауыр тигенін жасырмай айтты. Оған қоса спортшы ол кезеңде допинг жанжалына қатысты күйзелісте жүргенін мойындады.

 

Алайда, ауыр атлет спорттық мансабындағы жағдайдың орын алмағанында да олардың отбасын бәрібір сақтап қала алмайтындарын жеткізді. Оның айтуынша, жанұяда шешілмей қалған мәселелер жиналып қалған.

 

«Мен өзіммен-өзім жеке бөлек өмір сүремін. Мен менмін, басқалардың көргісі келетін адам емеспін. Барлық міндеттерімді еркекше орындадым. Мен қызу қанды жігітпін, күнәларым да жоқ емес екенін мойындаймын. Алайда, бұл өмір өткенді қайтарып ала алмайсың», – деп айтты Ильин.

 

Спортшы қарым-қатынаста өзара түсіністік пен қолдаудың аса маңызды екенін атап өтті. Дәл осы нәрселер Наталья екеуіне жетіспеген көрінеді. Оның айтуынша, әйелі екеуін тек қана қызы Милана ғана біріктірген.

 

Қазіргі таңда, Илья ата-анасымен тұрады. Олар өз кезегінде бұрынғы келіндерімен жақсы қарым-қатынаста қалған.

 

Спортшы өзінің уақытын барынша қызына арнауға тырысады. Ол Милананы мектепке апарып, бірге қызықты уақыт өткізгенді бірінші орынға қойған.

 

Илья Ильинның айтуынша. Наталья жұлдызды күйеуінің қыр соңынан қалмай сүретке түсе беретін жанкүйерлерінен мезі болған.

 

Спортшы допинг жанжалға қарағанда ажырасуын өте ауыр қабылдағанын жасырмай айтты.

 

«Спортта бәрін жасауға болады, ретке келтіріп жандандыруға мүмкіндік бар. Ал сүйікті адамыңды жоғалту мүлде басқаша. Бұл өте ауыр сезім. Менің жарам әлі де жазылмады», – деді Ильин.

 

Ауыр атлет басына түскен ауыр сынмен қалай күресіп жүргенін де айтты.

 

«Жаттығулар, саяхаттау мен достарыммен көрісу маған көтек етуде», – деді спортшы.

 

Ажырасқалы араласпай кеткендеріне қарамастан Илья Наталья Калмаковамен болашақта қайта қосылып қаларына үмітті екенін айтты.

 

Алайда, бұл жағдай орын алмаса ол бұрынғы әйелімен жақсы дос болмақ.

 

Спортшы ажырасудың өзі үшін үлкен сабақ болғанын жеткізді. Алдағы уақытта ол жаңам қарым-қатынас құруды ойлап жүрген де жоқ. Бар назары мен уақытын зілтемірге арнаудамын дейді Ильин.

Previous Альбинаның тойына Тәуекел Мүсілім сүйіктісін ертіп келді (видео)
Next Сәкен Майғазиев Меруерт Түсіпбаеваға ғашық болғанын мойындады

Осыған ұқсас

Заттыбек Көпбосынұлы, әнші, сазгер: Сахнаға кеш шыққаныма өкінбеймін

– Оңтүстік жұрты өзіңізге «Тойдың королі» деген құрметті атақты әлдеқашан-ақ беріп қойған. Сіздің әніңізсіз бір той өтпейді. Әсіресе «Ақ маржансыз»… «Жұлдыз ауруына» шалдығып қалған жоқсыз ба? – Расында көңілді әндерді

Нағима Есқалиева алғаш рет 8-сыныпта сүйіскенін айтып мақтанды

Эстрада жұлдыздары алғаш рет қанша жаста сүйіскендерін және алғашқы махаббаттары жайында айтып берді. Бұл туралы stan.kz хабарлады. 31 арнаның тележүргізушісі Мұхит Сапарбаев жұлдыздарға күтпеген жерден сауал қойды. Кейбір жұлдыздар қымсынбастан алғашқы

Мәдина Сәдуақасова: Мейрамбектің көзіне тіке қарай алмаймын (видео)

Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова халықтың сүйіктісі Мейрамбек Бесбаевтың көзіне тіке қарай алмайтынын мойындады. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында жазған, – деп хабарлайды nur.kz. Бесбаевпен бірге орындаған «Жаңбырлы

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап