Сәкен Майғазиев Меруерт Түсіпбаеваға ғашық болғанын мойындады

Сәкен Майғазиев Меруерт Түсіпбаеваға ғашық болғанын мойындады

«МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев Мерует Түсіпбаеваға ғашық болғанын мойындады. Әнші бұл туралы өз Instagram парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші жазбасында Меруерт Түсіпбаевамен танысқан кездері туралы айтқан. Әріптесін туған күнімен құттықтаған ол алғашында Меруертке ғашық болғанын да жасырмады.

«Гүлдер» ансамбліне Жеңіс Сейдоллаұлы ағамды іздеп бардым (ізденген түрім ғой). «Гүлдердің» қара шаңырағында бірнеше өнерпазбен бірге Меруерт Түсіпбаева да отыр екен (бірінші көруім). Меруерттің «Қимай сені барамын» деп «қиратып» жүрген кезі (Жігіттер, мойындаңдаршы, бәріміз «сындық» қой. Әлі де). Содан қойшы, Меруерт «кімге келдің, не қылып жүрсіңнің» астына алды. РЭЦК-ң 2-курс студенті екенімді, болашақ әнші екенімді айтып, ағымнан жарылып жатырмын. «О-о-о, қазақ эстрадасына тағы бір сымбатты жігіт келейін деп тұр екен ғой…», – деді» , – деген әнші өз жазбасында.

Сәкен бұл сөздерден кейін біразға дейін толқып жүргенін айтты. Ол кейін өнер әлеміне келген соң Меруертке осы сөздерін айтқан да екен. Алайда эстраданың еркесі Сәкенге не айтқанын ұмытып қалыпты.

«Эстрадаға келіп, «МузАРТ» құрылған соң Меруертке «Осыдан он жыл бұрын маған баға беріп, басымды айналдырғансың» дедім. Ол: «Солай ма? Есімде жоқ», – демесі бар ма», – дейді Сәкен Майғазиев.

Previous Илья Ильин әйелімен не себепті ажырасқанын айтты
Next Меруерт Түсіпбаева: Балам Сәкенге ұқсаса разымын...

Осыған ұқсас

Шығармашылық тоқырауға ұшыраған «Азия» тобы тарап тынды

«Ғажайып күй» әнімен танылған «Азия» тобы ақыры тарап тынды. Оған себеп топтың жұмысының ілгері жылжымауы, шығармашылық тоқырауға ұшырауы. Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz. «Ол ұжымнан

Айсәуле Бақытбек Қазақстанды парақорлар елі екенін айтты

Айсәуле Бақытбек еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірін жемқорлыққа жол беріп отыр деп айыптады. Ол Қазақ Ұлттық университетінде оқитын таныстары сабаққа бармайтынын, алайда соған қарамастан білім алуды жалғастырып жатқанын

Нұртас Адамбай туған анасынан ақша ұрлады

Кинорежиссер Нұртас Адамбай анасынан ақша ұрлағанына өкініп жүр. Ол бала кезінде шалалықпен жасаған әрекетін айтып, жұртты таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. «Бала кезімде анамның әмиянынан ақша ұрладым. Оған түрлі-түсті қарындаш сатып алдым.

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап