Ұлттық арнаға барған Айсәуле Бақытбектен киімін ауыстыруды талап еткен

Ұлттық арнаға барған Айсәуле Бақытбектен киімін ауыстыруды талап еткен

“Қазақстан” Ұлттық арнасына қонақ болып барған Айсәуле Бақытбектен киімін ауыстыруды талап еткен. Себебі отандық бағдарламалардың біріне түсірілімге шақырылған бойжеткен этикетке сай киінбеген.

Десе де, Баян Алагөзованың қызы өзіне айтылған ескертуді құлағына ілмепті, деп жазады Stan.kz.

“Түнгі студия” тв-дағы жалғыз еркін бағдарлама деп ойлап, қонақ болуға келісіп едім. Әдетте мен теле-бағдарламалардан бас тартамын.

Бұл шығарылым Головкиннің жекпе-жегі қарсаңында көрсетілетіндіктен, осылай киінген жөн деп шештім”, – деген Айсәуле үстіндегі күртешесін күйеу жігітінен сұрап алғанын атап өтті.

“Шынымды айтсам, тв-дағылар менің киім ауыстыруымды сұрады. Бірақ мен: “Сіздерге Айсәуле Бақытбек керек пе? Мінеки, Айсәуле” дедім. Біз жаңа мектепті қалыптастырамыз”, – дейді Айсәуле.

Бұл ретте желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Олардың бір тобы жас қызға не кисе де жарасатынын атап өтсе, басым бөлігі Баян Алагөзованың қызын сынға алған.

“Талғамсыз, бұдан да көйлек кигеніңіз дұрыс еді”, “Сұмдық. Сән сәнімен, бірақ ел алдына шыққанда дұрыс киім кию керек. Түсінемін, жаңашылдықты қалайсыздар, бірақ киім деген үйлесіп тұру керек қой”, – деп жазды олар.

Previous Алтынбек Қоразбаевты ренжіткен Төреғали сазгермен жолықты (видео)
Next Дастан Оразбеков: Доллардан бас тартып, тек қана теңгемен жұмыс істеу керек

Осыған ұқсас

Кенжебек: Мен Музартқа “дайын асқа тік қасық” болып келген жоқпын

Сөздің шыны керек, мен Музарт тобына алғаш келген кезде көбісі “дайын асқа тік қасық болып келді” деп біраз адамдар өзінің пікірін айтты. “Керемет топқа қалай келе салды?” деп таңқалып жатты.

Мәдина Исламова: «Өнер дегеніміз қара жұмыстан да қиын нәрсе»

– Мәдина, көбіне шет елдерде, яғни классикалық музыканың отаны саналатын Еуропа елінде өнер көрсететіндіктен қазақ қоғамында Сізді көбісі тани бермейтіні рас. Сондықтан әңгімеміздің басын өнерге қалай қадам бастыңыз деген сауалдан

Басын тақырлап тастаған Нұрлан Еспанов жұртшылықты шошытты (фото)

Танымал әнші Нұрлан Еспановтың «тақырбас» суретін көрген тыңдармандары оны «фантомасқа» теңеді деп хабарлайды NUR.KZ. Желіде әншінің «шашсыз» суреті жария болды. Үнемі көңілді жүретін болмысымен ерекшеленетін Нұрлан бұл жолы да тыңдармандарына

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап