Дастан Оразбеков: Доллардан бас тартып, тек қана теңгемен жұмыс істеу керек

Дастан Оразбеков: Доллардан бас тартып, тек қана теңгемен жұмыс істеу керек

Доллардың құны тағы да шарықтап, елдің көңілін түсірді. Бұл орайда қазақстандық жұлдыздар аталған жайтқа қатысты пікірін білдіріп, доллардың олардың гонорарына қаншалықты әсер ететінін айтып берді.

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Доллардың құны өсіп барады. Енді не істеу керек? Бұл сұрақ қарапайым халықты ғана емес, сахнада жүрген өнер жұлдыздарын да мазалайды. Ендеше шоу-бизнес өкілдері тойда өнер көрсеткені үшін ақшаны қай валютамен алады?

“Бұрын көптеген әртістер гонорарды доллармен есептейтін. Бірақ соңғы жылдары олар теңгемен жұмыс істей бастады. Меніңше, бұл дұрыс. Себебі біз Қазақстанда тұрамыз, халық жалақыны теңгемен алады”, – дейді продюсер Жан Мұқанов.

Дастан Оразбековтің де пікірі осындай.

“Доллардан бас тартып, теңгемен жұмыс істесек, әлдеқайда жеңіл болар еді деп ойлаймын. Біздің де қарапайым адамдардан ерекшелігіміз жоқ. Сондықтан елді қиын жағдайға қалдырмас үшін бағаны төмендетіп, теңгемен жұмыс істей бастадық”, – дейді әнші.

Ал All Davay-лық Данияр тақырға отырып қалмас үшін, ақша сақтау тәсілдерімен бөлісті.

“Ақшаны үш түрлі валютада әрі бірнеше банкте сақтаған дұрыс деп ойлаймын. Теңге, доллар, еуромен… Егер де бірі тақырға отырса, екінші қалатындай”, – дейді ол.

Previous Ұлттық арнаға барған Айсәуле Бақытбектен киімін ауыстыруды талап еткен
Next «Шешеңді сенің!». Айқынның тоқалы аузына келгенін айтты (видео)

Осыған ұқсас

Айнұр Тұрсынбаева:»Көп нәрседен ыңғайсызданам»

Айнұр Тұрсынбаева:»Көп нәрседен ыңғайсызданам» деп жариялады alashainasy.kz Инстаграмда жиі сурет салып, ақыл-кеңестерімен бөлісіп отыратын жұлдыздарымыздың бірі – Айнұр Тұрсынбаева. Жақында айтыскер ақын өзінің жеке парақшасында әлеуметтік желі туралы өзінің ойымен бөлісті.

91 тобы үшін жылап қалған оқушы қызға полицей «әкең өлді ме?» деп айқайлады

91 тобының концертіне кіре алмаған оқушы қыздар жылап қалды деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Желіде пайда болған видеода жасөспірімдердің концертке кіре алмай шулап жатқанын байқауға болады. Қыздардың тарқасуын қадағалап жүрген полицей

Рамазан Стамғазиевтің бандиттерге қандай қатысы бар?

Қазақтың белгілі әншісі Рамазан Стамғазиев елуге толды. Биыл әншінің өнер әлемінде жүргеніне отыз жыл болыпты. Abai.kz ақпараттық порталының тілшісі осы айтулы мереке қарсаңында әншімен сырласып қайтқан еді. – Стамғазиев өзінен

пікір жазу

Пікір жазылған жоқ

Сіз бірінші болып пікір жаза аласыз!

Жауап