Мадина Сәдуақасова: Қазақ эстрадасында маған бәсекелес болатын әнші жоқ
10.09.2018 2 пікір 2882 қаралды

Мадина Сәдуақасова: Қазақ эстрадасында маған бәсекелес болатын әнші жоқ

Отандық шоу-бизнестің жарқын жұлдызы қазақ әншілері арасында өзіне бәсекелес болатындай ешкім жоқ екенін жасырмай айтты. Мадина Сәдуақасова тек өз-өзімен жарысып, өзіне қарап мін түзейтінін жеткізді деп жазады «Если честно» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова өзінің сұхбаты барысында қазақстандық эстрадада өзіне сай келер отандық әнші жоқ екенін айтып, ешкім күтпеген мәлімдеме жасады.

«Мен тек өз-өзіме ғана бәсекелеспін. Отандық шоу-бизнесте маған бәсекелес болатын әнші жоқ.», – деп айтты Мадина Сәдуақасова.

Отандық әнші Дильназ Ахмадиева мен Жанар Дұғалованы да өзіне бәсекелес санамайтынын ашық айтып, тек өзіне қарап қана мін түзейтінін жеткізді.

Алайда, шоу-бизнес жұлдызы кейбір әріптесінің әндерін қызыға тыңдап, ол өлеңді «өзім орындауым керек» еді деп күйніген кезідері болғанын да жасырмады.

 

Previous «Шешеңді сенің!». Айқынның тоқалы аузына келгенін айтты (видео)
Next Төреғали Төреәлі өзін ақша табу үшін кино түсірді дегендерге жауап берді

Осыған ұқсас

Қазақстан теледидарында ержүрек жандар туралы сыр шертетін жаңа реалити-шоу пайда болады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа телевизиялық маусымда тосын әлеуметтік жоба ұсынбақ.

Мұхтар Шаханов: «Біз, шындықты айту үшін жиналдық»

Мұхтар Шаханов қоғамшыл азаматтарды құрықтағанды тоқтатуды сұрады. Соңғылары, рұқсат етілмеген жиындарға шақырулар үшін ұсталған. Астанада Жер реформасы Комиссиясының екінші отырысы өтуде. Басты мәселелердің бірі болып рұқсат етілмеген митингке шақыру жасаған

Төреғали Төреәлі: Мыңымыз жүріп, неге қазақтың баласына шетелдің әншісін тыңдатуымыз керек?!

Жуырда Өскеменге «Аялы алақан» атты қайырымдылық концертімен «МұзАрт» ансамблімен қатар жас әнші Төреғали Төрәлі келген болатын. Сол кезде айтыскер ақын әрі әнші Төреғали Төрәлімен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

2 пікір жазылған

Жауап